Статья о казахском ханстве, размещенная в Омской казахской культурно-просветительной газете "Замандас" от 07.01.2015 г.

Қазақ хандығынан Мәңгілік елге

Әлем тарихында 1465 жылы Қазақ хандығы атты Тәуелсіз мемлекетқұрылды. Оның­негізінде қазіргі қазақ ұлты қалыптасты. Қазақ хандығының негізін қалағандар: Керей хан Болат Сұлтанұлы мен Жәнібек хан Барақ ханұлы. Бұлхандықосыдан кейін төрт ға­сырдай өмір сүрді. Ал 1991 жылы Қазақстан Республикасы атты Тәуелсіз мемлекетіміз құрылды, қазіргі Қазақстан халқы қалыптасты. Негізін қалаған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекетіміз еңселі Елден МәңгілікЕл болады деп нық сенеміз! Иә, «Қа­зақтардың мемлекеттілігі болған жоқ», «Қазақстанның солтүстік облыстарының жері біздің мекен», «Қазақстанның шығысы бізге қарайды» немесе «Қазақстанның мемле­кеттілігі 1991 жылдан басталды» деп шовинистік, сепаратистік пиғылдағы кейбіреулер «жазып» та «айтып та», өздерінше «дәлелдеп» те жүргендей емес (Солженицын, Жири­новский және кейбір өзге мемлекеттің басшылары).

Қазақ елінің мемлекеттілігі кеше басталмаған. Оған дәлел — Ұлы Тарих; оған дәлел- Геродот, Сыма Цянь, Баласағұни, Қашғари, Гардизи, Макдиси, Марквази, Масуди, Ха­укәл, ӘлОмари, Жувейни, Бичурин, Бартольд, С.Асфендияров, Л.Гумилев, М.Қозыба­ев, Е.Бекмаханов сияқты ғұлама тарихшылар зерттеулері; оған дәлел — көрші елдердегі архив деректері; оған дәлел-археологиялық зерттеулер (қазақ жерінен табылған, әлі де табылып жатқан төрт «Алтын адам», ірі қала орындары, артефактілер; оған дәлел- қазақ генологиясы (шежіресі); оған дәлел — қазақ фольклоры (эпостық, тұрмыс-салт, лиро-эпостық жырлар, аңыздар); оған дәлел-қазақ жерінде өмір сүрген жыраулар, ақындар мұралары. Біз дала көшпенділерінің өркениетті ұрпақтарымыз. Тарихи тамырымыз тереңге кетеді. Қаза берсек андрон (арий), сақ — скиф, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат, Түрік қаға­наттары, Моңғол империя­сы, Қыпшақ хандығы, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Астрахань, Қырым хандықта­ры біздің бабаларымыздың да ту тіккен мемлекеттері. Осылардың бәрінің де мем­лекеттілігі болған және олар­дың құрамында қазіргі қазақ ұлтыныңнегізін қалаған43 ірі ру — тайпаның әрқайсы­сының болғаны да ақиқат. Бұның бәрін тарихшы, архе­олог, антрополог, географ ға­лымдар (Қазақстан, Қытай, Ресей, Иран, араб) тайға таңба басқандай ғылыми зерттеу­лермен дәлелдеген. Тек «еуро­центристік» пиғылдағы кейбір ғалымдар ғана мойындағысы келмейді. Әрине, қазіргі қа­зақ халқының құрамындағы ру-тайпалар бұл мемлекеттік құрылымдардың құрамында болғанымен де, осы ру — тай­паларды бір тудың астына біріктірген таза қазақ мемле­кеттілігі текҚазақ хандығы ор­нағаннан кейін ғана қалыпта­сты. Кейбір деректерді, тарихи құжаттарды келтіруге мақала­ның көлемі көтермейтіндіктен жалпы шолу ғана жасап оты­рмын. Тек қазақстандық тари­хи ғалымдар түп негізге алып отырған тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазған «Тарихи-и Ра­шидиден» үзінді келтіремін: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұл­тандарға күн көрсетпеді.

Нәтижесінде Керей, Жәні­бек хандар Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан олар­ды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегінде­гі Шу мен Қозыбасы аймақта­рын берді... Әбілқайыр ұлы­сының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кет­ті. Олардың маңына жиналған­дардың саны200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) би­лей бастады». Бұл шығарма Қа­зақмемлекеттілігінің тарихы 1465 жылы басталғандығына басты дәлел. Керей мен Жәні­бек негізін қалаған алғашқықа­зақ мемлекеті — Қазақ хандығы төрт ғасырға жуық өмір сүрді. Осы уақыт ішінде алғашқы қа­зақ мемлекетінің шарықтау да құлдырау, күшею де, әлсіреу кезеңдері болды. ХV-ХVІІ ға­сырларда Қазақ хандығы Еу­разия құрлығындағы саяси — экономикалық дамуы жағынан күшті, беделді, феодалдық- патриархалдық мемлекет­ке айналды. ХVIII ғасырдан ішкі — сыртқы факторлардың әсерінен (ішкіалауыздық, жоңғар-қалмақ, орыс-казак, башқұрт, Орта Азия хандықта­рышапқыншылықтары) әсері­нен әлсіреп, іштей ыдырап, құлдырау кезеңіне аяқ басты. Салдарынан Ресей мен Қытай империяларының саяси-эко­номикалық қысымына түсті. Олар тіптімұздай қаруланды­рып, кешегі монғолдардың ұрпағы, жауынгер жонғар тайпаларын Қазақ хандығына айдап салды. Мақсаттары — екі көшпенді мемлекеттің көзін­жою, жерлерін өздеріне қосып алу. Нәтижесінде 150 жылдан астам уақытқа созылған қа­зақ — жоңғар соғысы екі халық үшін де ауыр зардаптар әкел­ді: Жоңғария мемлекет ретінде жойылды (жерін Цинь импери­ясы-Қытай басып алды).

Қазақ хандығының түсті­гін Орта Азия хандықтары, оңтүстік шығысы мен шығы­сының біршама бөлігін Цинь империясыалып қойды. АлҚа­зақ хандығының негізгі жерін 1731 жылдан бастап 150 жыл ішінде Ресей империясы өз колониясына, яғни отарына айналдырды. Осылайша Тәу­елсіздігімізден айрылып, екі жарымғасырдан астам (260 жыл) Ресей империясы мен оның ізбасары болған КСРО-ның құрамында болдық. Ал 1991 жылы, жыл санау бой­ынша Қой жылы Тәуелсіздік таңы атты. Тарих сахнасына Қазақстан республикасы атты егеменелшықты. Алашарыста­ры аңсаған Тәуелсіз Қазақ елі көк байрағын асқақ желбіретті. Кейбіреулер айтқандай «жаңа, жас мемлекет құрылған жоқ» Қазақ мемлекеттілігі қайта қалпына келтірілді. Оған Ел­басымыздың «Керей мен

Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекетттілігінің тарихы сол кезден бастау ала­ды» деген ғылыми негіздел­ген тұжырымы айқын дәлел. Бұл-тарихи сабақтастық, бұл-сонау ғасырлар қойнауынан атойлаған бабалар үрдісі жалғасының салтанат құруы­дер едік.

Тәуелсіздік алған 23 жыл­дың ішінде ішкі-сыртқы сая­сатта бүкіл әлемді мойындатып Еңселі елге айналған Қазақ елі Қасым ханның «Қасқажолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» си­яқты Нұрсұлтанның «Нұрлы Жолымен» кемел келешегіміз — Мәңгілік Елге бағыт алып барады.

Таңат СӘРСЕНБИН,

Тарихшы

(«ZamandaS» Омбы мәдени-ағартушылық қазақ газеті, № 1 (7) қантар — январь 2015)



Онлайн бронирование

Official site of the President of the Republic of Kazakhstan

Official site of the President of the Republic of Kazakhstan

Official site of the Government

Official site of the Government

Official website of MFA of the Republic of Kazakhstan

Official website of MFA of the Republic of Kazakhstan

The official website of the Embassy of the Republic of Kazakhstan in Moscow

The official website of the Embassy of the Republic of Kazakhstan in Moscow

Consulate of the Republic of Kazakhstan in Omsk (RF)

Консульство Республики Казахстан в г.Омске (РФ) в Контакте [ожидает перевода]

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News