Азаматтық

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҒЫНА ЖАТАТЫНДЫҒЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

         Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын келесі тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау рәсімін жүзеге асырады:

- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен құжатталған немесе оларды жоғалтқан;

- он сегіз жастан асқан, бірақ: Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында туған және азаматтығы жоқ адамдар деп танылған азаматтар;

- Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және Ресей Федерациясының азаматтығында болмағандар.

          Жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары келесі құжаттарды қоса бере отырып, Бас консулдық арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын айқындау туралы өтінішті жеке өздері береді немесе пошта арқылы жібереді:

         1) сауалнама-өтініш (осы жерден жүктеу) – 1 дана;

         2) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет – 1 дана;

         3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

       4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Өтінішті қарау мерзімі - Қазақстан Республикасының азаматтығын тексеру нәтижелері алынғаннан кейін - 7 жұмыс күн.

Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтындығы немесе азаматтығының жоқтығы туралы анықтама алу жөнінде өтініш түскен жағдайда, тиісті анықтама беріледі.

Анықтама бергені үшін консулдық алым - 2830 ресейлік рубль (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) алынады.

МАҢЫЗДЫ!  КОНСУЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ.

         18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News