Азаматтық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттардан Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады:

  - Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi.

Барлық басқа жағдайларда азаматтар ҚР-да тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық көші-қон қызметі органдарына жүгінеді.

МАҢЫЗДЫ!

Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалтуы тіркелген азаматтар 5 (бес) жылдан кейін ғана Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады.

ҚР азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке құжаттардан басқа, өтініш берушінің ҚР азаматтығына бұрынғы тиесілігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі бар не тізбеге сәйкес келетін адамдар және олардың отбасы мүшелері құжаттарға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының қолдаухатын қоса береді.

*****

Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасының Президенті атына өтініш (осы жерден жүктеу)2 дана;
  • сауалнама-өтініш (осы жерден жүктеу)2 дана;
  • өмірбаян (осы жерден жүктеу) (өз қолымен жазылған)2 дана;
  • 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет - 4 дана;
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі2 дана;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат2 дана;
  • соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама - 1 дана;
  • Ресей Федерациясының құзыретті органы берген Ресей Федерациясының азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  • балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері2 дана;
  • "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім (осы жерден жүктеу) - 1 дана;
  • өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмелері - 1 дана;
  • Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына сәйкес кәсіптердің тізбесіне сай келетін адамдар атына Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органының қолдаухаты, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  • Консулдық алым төленгені туралы құжат (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 5680 ресейлік рубль. 

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

        18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.

         14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.

         Құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News