Азаматтық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУДЫ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

 (Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы Ресей Федерациясына тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар және Консулдықтың округінде тұратын азаматтардан (Кемеров, Қорған, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен және Челябі облыстары, Алтай Республикасы және Алтай аймағыҚазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

АЗАМАТТЫҚ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ КОНСУЛДЫҚҚА ЖЕКЕ НЕМЕСЕ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖІБЕРІЛУ МҮМКІН.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНЫҢ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕЛГЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙТІН ҚҰЖАТ - КОНСУЛДЫҚПЕН БЕРІЛГЕН АНЫҚТАМА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ (анықтама алу тәртібін төменде қараңыз).

 

Ресей Федерациясына тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар тұлғаларға арналған құжаттар тізімі

(жеке өтінген кезде)

  1. Өтініш - 1 данаосы жерден жүктеу

(өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);

МАҢЫЗДЫ: 14 жасқа дейінгі балалар үшін өтінішті толтырған кезде қосымша заңды өкіл туралы мәліметтер көрсетіледі!

  1. Ресей Федерациясы азаматының паспортының түпнұсқасы және көшірмесі(тек төлқұжат деректері бар алдыңғы беті) - 1 дана;
  2. Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы жазба/ мөртабаны бар 14 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты(түпнұсқа және тек төлқұжат деректері бар алдыңғы бетінің көшірмесі);
  4. Басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге берілген рұқсатты растайтын құжат(тұрақты тұруға кету туралы хабарламаның / шешімнің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының паспортында тұрақты тұруға кету туралы белгі (штамп) және шығу парағы) - 1 дана;
  5. 14 пен 18 жасаралығындағы кәмелетке толмаған балалар «Ресей Федерациясының азаматтығын өз еркімен алу туралы» нотариалды куәландырылған өтініштің түпнұсқасын ұсынуы керек - 1 дана;

 

Ресей Федерациясына тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар тұлғаларға арналған құжаттар тізімі

(ПОШТА АРҚЫЛЫ)

  1. Өтініш - 1 данаосы жерден жүктеу

(өтінішті басып шығару, үлгіге сәйкес толтыру қойылған қолын нотариуста куәландыру қажет);

МАҢЫЗДЫ: 14 жасқа дейінгі балалар үшін өтінішті толтырған кезде қосымша заңды өкіл туралы мәліметтер көрсетіледі!

  1. Ресей Федерациясы азаматының паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі(тек төлқұжат деректері бар алдыңғы беті) - 1 дана;
  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі бар Ресей Федерациясы азаматының паспортының парағының көшірмесі (нотариалды куәландыру қажет емес) - 1 дана;
  3. 4. Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы жазба/ мөртабаны бар 14 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі - 1 дана;
  4. 5. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты(түпнұсқа және тек төлқұжат деректері бар алдыңғы бетінің көшірмесі);
  5. 6. Басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге берілген рұқсатты растайтын құжат(тұрақты тұруға кету туралы хабарламаның / шешімнің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының паспортында тұрақты тұруға кету туралы белгі (штамп) және шығу парағы) - 1 дана;
  6. 7. 14 пен 18 жасаралығындағы кәмелетке толмаған балалар «Ресей Федерациясының азаматтығын өз еркімен алу туралы» нотариалды куәландырылған өтініштің түпнұсқасынұсынуы керек - 1 дана;
  7. 8. Қайтарма мекен-жайы мен төленген жеткізілім бар конверт(Консулдықпен құжаттар пакетін қабылдағаны туралы растау жіберу үшін).

 

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша құжаттар тек тапсырыс хат арқылы келесі мекен-жайға жіберілуі керек: Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы, 644010, Омбы қ., Ш.Уәлиханов көшесі, 9 үй.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНЫҢ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ

(РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА ШЫҒУҒА РҰҚСАТЫ БАР ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАНА БЕРІЛЕДІ)

- Қазақстан Республикасының азаматтығының жоғалтуын тіркеу туралы тиісті анықтама ресімдеу үшін Сізге өтініште тиісті белгі қою керек;

- Консулдық алымды төлеу қажет (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша). Анықтама беру үшін консулдық алым 2830 рубль құрайды. Консулдық алым қайтаруға жатпайды;

Консулдық алымның төленгені туралы түбіртек банктің мөрімен және жауапты банк қызметкерінің қолымен расталуы керек.

Түбіртек түпнұсы (пошта арқылы жолдаған кезде) азаматтық жоғалтуын тіркеу үшін құжаттар пакетімен бірге жіберіледі.

 

Тұрақты тұруға шығуға рұқсат алмаған азаматтардың назарына!

КВИ COVID-19 пандемиясына және осыған байланысты шекарадан өтуге қойылған шектеулерге орай, Консулдық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат ресімдемеген азаматтардан құжаттарды қабылдауды уақытша жүзеге асырады.

Осы санаттағы тұлғалардан қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтығының жоғалтуын тіркеу туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат ресімдемеген тұлғалар үшін құжаттар тізімі

  1. ҚР азаматтығының жоғалтуы туралы хабарлама - 2 данаосы жерден жүктеу

(өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);

  1. Ресей Федерациясы азаматының паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі(тек төлқұжат деректері бар алдыңғы беті) - 1 дана (қосымша нотариалды куәландырусыз паспорт көшірмесінің тағы бір көшірмесі ұсынылады);
  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі бар Ресей Федерациясы азаматының паспортының парағының көшірмесі (нотариалды куәландыру қажет емес) - 1 дана;
  3. 4. Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы жазба/ мөртабаны бар 14 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі - 1 дана (қосымша нотариалды куәландырусыз паспорт көшірмесінің тағы бір көшірмесі ұсынылады);
  4. 5. ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары(паспорт және жеке куәліктің көшірмелерін бір данада жасау керек);
  5. 6. Қайтарма мекен-жайы мен төленген жеткізілім бар конверт(ҚР көші-қон қызметімен ҚР азаматтығының жоғалтуын тіркеу туралы қабылданған шешім жөнінде хабарлама жіберу үшін).

 

Құжаттарды (пошта арқылы жолдаған кезде) тек тапсырыс хат арқылы келесі мекен-жайға жіберу керек: Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы, 644010, Омбы қ., Ш.Уәлиханов көшесі, 9 үй.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат ресімдемеген тұлғаларға анықтама тек өтініш беруші ҚР ІІМ көші-қон қызметінен хабарлама алғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Осыған байланысты, анықтама үшін консулдық алымды алдын-ала төлемеуді және Консулдыққа жібермеуді сұраймыз.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттар топтамасын біздің мекен-жайға жіберу алдында Сіз Консулдық қызметкерімен 8 (3812) 32-52-13 телефон нөмірі (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) немесе Skype бағдарламасы арқылы (іздеу жолына «Okno Omsk» сөзін енгізу керек, дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі – сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) кеңес ала аласыз.

 

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

- құжаттар пошта арқылы тек тапсырыс хатпен жіберілген кезде ғана қабылданады;

- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қараусыз қайтарылады;

- ҚР азаматтығының жоғалтуын тіркеу үшін консулдық алым алынбайды.

 

АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА АҚПАРАТ

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңынан үзінділер

(бұдан әрі - Заң).

3-бап. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

21-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау екі жүз айлық есептік көрсеткіш

мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы, 05.07.2014 ж. №235-V).

37-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы оның жоғалуын заңмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар тiркеген күнi тоқтатылады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News