ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ (тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ

(Ресей Федерациясына тұрақты тұруға шығуға рұқсаты бар тұлғаларға паспорт тапсыру)

 

01.05.2022 ж. бойынша талаптар 

АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖОҒАЛТУЫН ТІРКЕУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫН ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ 

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Омбы Бас қаласындағы Бас Консулдығы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдауына байланысты азаматтықтың жоғалтуын тіркеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын ЖЕКЕ ЖҮГІНГЕН жағдайда немесе ПОШТА АРҚЫЛЫ қабылдайды (құжаттарды тапсыру тәртібімен төменде танысуға болады).

Құжаттар Ресей Федерациясына тұрақты тұруға шығуына байланысты Қазақстандағы тіркеуден шыққан және Бас консулдықтың округінде тұратын азаматтардан (Кемеров, Қорған, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен және Челябі облыстары, Алтай Республикасы және Алтай өлкесі) қабылданады.

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Паспортты тапсырғаны және Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркегені үшін ақы алынбайды, бұл қызмет тегін негізде жүзеге асырылады.

Консулдық алым азаматтықтың жоғалтуын тіркелгенін растайтын заңды күші бар анықтама ресімделген жағдайда ғана алынады.

Бас консулдық қазақстандық паспорттарды тапсыруға көмек көрсететін ДЕЛДАЛ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАЙДЫ.

Осыған байланысты Бас консулдық азаматтарға мұндай ұйымдардың қызметтеріне жүгінген кезде құжаттар мен жеке деректердің сақталуына азаматтардың жеке өзі ЖАУАПТЫ ЕКЕНІН ЕСКЕРТЕДІ.

БАС КОНСУЛДЫҚҚА КЕЛЕР АЛДЫНДА КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАП, WWW.KZ-OMSK.RU РЕСМИ САЙТЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ ҚАЖЕТТІ ӨТІНІШ БЛАНКІЛЕРІН АЛДЫН АЛА ТОЛТЫРУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ.

 

ЖЕКЕ ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ құжаттар тізімі

  1. Өтініш - 1 данаосы жерден жүктеу

(өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);

МАҢЫЗДЫ: 14 жасқа дейінгі балалар үшін өтінішті толтырған кезде қосымша заңды өкіл туралы мәліметтер көрсетіледі!

14 жасқа дейінгі балалар үшін бланкті осы жерден жүктеуге болады

  1. Ресей Федерациясы азаматының паспортының түпнұсқасы және көшірмесі (тек төлқұжат деректері бар алдыңғы беті) - 1 дана;
  2. Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы жазба/ мөртабаны бар 14 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы жәнекөшірмесі - 1 дана;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (түпнұсқа және тек төлқұжат деректері бар алдыңғы бетініңкөшірмесі);
  4. Басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге берілген рұқсатты растайтын құжат (тұрақты тұруға кету туралы хабарламаның / шешімнің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының паспортында тұрақты тұруға кету туралы белгі (штамп) және шығу парағы) - 1 дана;

Ескертпе: егер Қазақстан Республикасының Көші-қон қызметінің РФ-ға тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы шешімі немесе паспортта белгі (мөртабан) болса, алайда көші-қон қызметі органдарының алып қою себебі бойынша (немесе басқа да себептер бойынша) кету парағы болмаса, кету парағының көшірмесін ұсыну мүмкіндігінің болмау себебі көрсетілген еркін нысандағы түсініктемені ұсыну қажет.

  1. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар«Ресей Федерациясының азаматтығын өз еркімен алу туралы» еркін нысанда жазылған арызды ұсыну керек - 1 дана;

Маңызды: ата-аналар құжаттарды 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың қатысуынсыз тапсырған жағдайда, мұндай өтініш міндетті түрде нотариалды түрде куәландырылуы тиіс.

  1. Консулдық алым (анықтама ресімделген жағдайда)2830 рубль (төлеу үшін реквизиттер осы сілтеме бойынша).

 

ПОШТА АРҚЫЛЫ құжаттар тізімі

  1. Өтініш - 1 данаосы жерден жүктеу

(өтінішті басып шығару, үлгіге сәйкес толтыру қойылған қолын нотариуста куәландыру қажет);

МАҢЫЗДЫ: 14 жасқа дейінгі балалар үшін өтінішті толтырған кезде қосымша заңды өкіл туралы мәліметтер көрсетіледі!

14 жасқа дейінгі балалар үшін бланкті осы жерден жүктеуге болады

  1. Ресей Федерациясы азаматының паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (тек төлқұжат деректері бар алдыңғы беті) - 1 дана;
  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі бар Ресей Федерациясы азаматының паспортының парағының көшірмесінемесе Ресей Федерациясында тіркеуді растайтын басқа құжат (нотариалды куәландыру қажет емес) - 1 дана;
  3. Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы жазба/ мөртабаны бар 14 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі - 1 дана;
  4. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (түпнұсқа және тек төлқұжат деректері бар алдыңғы бетініңкөшірмесі);
  5. Басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге берілген рұқсатты растайтын құжат (тұрақты тұруға кету туралы хабарламаның / шешімнің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының паспортында тұрақты тұруға кету туралы белгі (штамп) және шығу парағы) - 1 дана;

Ескертпе: егер Қазақстан Республикасының Көші-қон қызметінің РФ-ға тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы шешімі немесе паспортта белгі (мөртабан) болса, алайда көші-қон қызметі органдарының алып қою себебі бойынша (немесе басқа да себептер бойынша) кету парағы болмаса, кету парағының көшірмесін ұсыну мүмкіндігінің болмау себебі көрсетілген еркін нысандағы түсініктемені ұсыну қажет.

 

  1. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар «Ресей Федерациясының азаматтығын өз еркімен алу туралы» нотариалды куәландырылған өтініштің түпнұсқасын ұсынуы керек - 1 дана;
  2. Консулдық алым (анықтама ресімделген жағдайда)2830 рубль (төлеу үшін реквизиттер осы сілтеме бойынша).

МАҢЫЗДЫ: түбіртектің түпнұсқасы жіберіледі, ол банктің мөрімен және банктің жауапты қызметкерінің қолымен бекітілуі керек.

  1. Қайтарма мекен-жайы мен төленген жеткізілім бар конверт (Бас консулдықпен құжаттар пакетін қабылдағаны туралы растау жіберу үшін).

         Ескертпе: егер кері конверт қоса берілмеген жағдайда, құжаттардың қабылданғаны туралы растау жіберілмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша құжаттар тек тапсырыс хат арқылы келесі мекен-жайға жіберілуі керек: Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы, 644010, Омбы қ., Ш.Уәлиханов көшесі, 9 үй.

 

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

- консулдық алым қайтаруға жатпайды;

- құжаттар пошта арқылы тек тапсырыс хатпен жіберілген кезде ғана қабылданады;

- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қараусыз қайтарылады;

- пошта арқылы келіп түскен құжаттарды өңдеу мерзімі екі-үш аптаны құрайды;

- ҚР азаматтығының жоғалтуын тіркеу үшін консулдық алым алынбайды.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттар топтамасын біздің мекен-жайға жіберу алдында сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Бас консулдық қызметкерімен 8 (3812) 32-52-13, +7-968-100-73-03 телефон нөмірі (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) арқылы кеңес ала аласыз.

 

АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА АҚПАРАТ

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңынан үзінділер

(бұдан әрі - Заң).

3-бап. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

21-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау екі жүз айлық есептік көрсеткіш

мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы, 05.07.2014 ж. №235-V).

37-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы оның жоғалуын заңмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар тiркеген күнi тоқтатылады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News