ПАСПОРТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының паспортын жасау үшін Бас консулдықтың консулдық округінде тұратын (Кемеров, Новосібір, Омбы және Томск  облыстары, Алтай Республикасы және Алтай аймағыазаматтардан құжаттарды қабылдауды және одан әрі жіберуді жүзеге асырады.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

Жаңа төлқұжат алуға азаматтардың келесі санаттары өтініш бере алады:

 

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын (Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кетуге Қазақстан Республикасының көші-қон қызметі органдарының рұқсаты бар);

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

2) Ресей Федерациясының аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі  оқыту нысаны бойынша білім алушылар;

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

3) Ресей Федерациясында еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтындар;

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

4) олармен бірге тұратын жоғарыда аталған адамдардың отбасы мүшелері;

 

5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтімжасауға қабілетсіз адамдарға (63 жастан жоғары қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдар;

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

6) кәмелетке толмағандар, олар ҚР шегінен тыс жерде туылған жағдайда (ата-анасының екеуі де ҚР азаматтарының ҚР аумағында тұрақты тіркеуі (тіркелуі) болған жағдайда;

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

7) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындар (ҚР азаматы ҚР аумағында тұрақты тіркелген (тіркелген) жағдайда).

Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!

Паспортты ресімдеу уақыты - 80 күнтізбелік күн. 

Паспорт ресімдеу үшін консулдық алым 5 850 рубль құрайды (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша).

Консулдық алым қайтаруға жатпайды;

Құжаттар тек жеке түрде жүгінген кезде қабылданады және беріледі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады).

 

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Құжаттар пошта арқылы қабылданбайды.

Паспорттың дайындығын өтініштің (талонның) нөмірін енгізу арқылы осы сілтеме бойынша тексеру қажет.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News