Паспорт ресімдеу үшін құжаттар тізімі

Паспорт ресімдеу үшін құжаттар тізімі

Ресей Федерациясында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына және олардың отбасы мүшелеріне (балаларына)

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

  

1) БҰРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТЫН РЕСІМДЕГЕН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ:

а) мерзімі аяқталатын жарамды паспорты бар;

б) жарамдылық мерзімі өткен немесе пайдалануға жарамсыз (бүлінген) паспорты бар;

в) бұрын болған паспорт жоғалған жағдайда.

 

  1. Ресімдеу үшін өтініш1 данаосы жерден жүктеу (өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);
  2. Сауалнама - 1 дана.осы жерден жүктеу(сауалнаманы  басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);  
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  4. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  5. Отбасы мүшелерінің (балалардың) туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  6. Неке қию (бұзу) туралы куәлік (болған жағдайда),түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  7. Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түстітөрт фотосурет4 дана (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
  8. Кадрлар бөлімі растаған еңбек шартының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 1дана;
  9. Жұмыс орнынан анықтама, түпнұсқа - 1 дана;
  10. Ресей Федерациясының азаматтығының жоқтығы туралы тұрғылықты жері бойынша Ресей ІІМ көші-қон департаментінен анықтама,түпнұсқа - 1 дана;
  11. Ресейде тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 1дана;
  12. Ресейдің ішкі істер органдарынан ҚР паспортын жоғалту немесе ұрлау туралы анықтама (жоғалған немесе ұрланған жағдайда), түпнұсқа - 1 дана;
  13. Қазақстан Республикасының паспортымен баланы(ата-анасының түрлі азаматтығы болған жағдайда) құжаттандыруға шетелдік ата-анасы берген нотариалды куәландырылған өтініш-келісім;
  14. Консулдық алым төленгені туралы құжат(төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 5850 ресейлік рубль. 

 

2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТЫМЕН АЛҒАШ РЕТ ҚҰЖАТТАЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

а) 16 жасқа дейінгі балаларға;

б) жарамды жеке куәлігі бар азаматтарға.

  

  1. Ресімдеу үшін өтініш2 данаосы жерден жүктеу (өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);
  2. Одан әрі жіберу үшін өтініш 2 дана.осы жерден жүктеу(өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);  
  3. Сауалнама2 дана.осы жерден жүктеу(сауалнаманы  басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);  
  4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  5. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  6. Отбасы мүшелерінің (балалардың) туу туралы куәлігі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  7. Неке қию (бұзу) туралы куәлік (болған жағдайда),түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  8. Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түстітөрт фотосурет4 дана (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
  9. Кадрлар бөлімі растаған еңбек шартының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 2дана;
  10. Жұмыс орнынан анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  11. Ресей Федерациясының азаматтығының жоқтығы туралы тұрғылықты жері бойынша Ресей ІІМ көші-қон департаментінен анықтама,түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  12. Ресейде тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  13. Қазақстан Республикасының паспортымен баланы(ата-анасының түрлі азаматтығы болған жағдайда) құжаттандыруға шетелдік ата-анасы берген нотариалды куәландырылған өтініш-келісім;
  14. Консулдық алым төленгені туралы құжат(төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 5850 ресейлік рубль. 

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ОСЫ САНАТ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ТАПСЫРАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫ ТІРКЕУІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БОЛУЫ ТИІС!

Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған ақпаратты тексеру үшін көрсетіледі және құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушілерге қайтарылады.

Шет елдерде берілген құжаттардың (туу туралы куәлік, неке қию (бұзу) туралы куәлік) аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмелері және консулдық заңдастыру/ апостиль мөртаңбасы болуы міндетті.

Паспорттың дайындығын өтініштің (талонның) нөмірін енгізу арқылы осы сілтеме бойынша тексеру қажет. 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News