«Көңілдің асыл пернесі ...» / «Сокровенные струны души ...» II халықаралық шығармашылық байқауы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түрік академиясы,
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігінің қолдауымен  Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі ...» / «Сокровенные струны души ...» II халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты жас дарынды орындаушылардың шығармашылық қызметін қолдау және белсендіру, қазақ халқының музыкалық мұрасымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін зерделеу мен насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, вокалдық ұжымдық топтар (бір мекемеден екі вокалдық ұжымнан артық емес) қатыса алады.

Байқау жас ерекшеліктері бойынша 2 санатта: 12-ден 14 жасқа дейін, 15-тен 17 жасқа өткізіледі.

Шығарма жанды дауыста орындалады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – негізгі кезеңге байқауға қатысушыларды іріктеу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Репертуар жобаның тақырыбына сай келуі, орындаушылардың сипаты мен бейнесі міндетті түрде сай келуі (орындау деңгейі, дыбыс сапасы, эстетикалық бейнесі).

Қатысу үшін өтінішті рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Онлайн байқаудың бірінші кезеңіне қатысу үшін (сырттай кезең) қатысушылар ән жазбасы бар бейнежазбаны ұсынуы керек. Бейнематериалдың форматы MP 4.

Қатысу үшін сұраныс пен бейнежазбаларды қабылдау уақыты 6.10.2021 жылдан 8.10.2021 жылға дейін.

Бейнематериалсыз жіберілген сұраныстар жарамсыз болып есептеледі. Байқауға қатысушы ұзақтығы 4 минуттан аспайтын бір шығарманы орындайды.

Сұраныс пен бейнематериалды cmp_museum@mail.ru және dvorecutemisova@mail.ru электронды пошталарына жіберу қажет.

Көрсетілген уақыттан кеш түскен сұраныстар Байқауға жіберілмейді.

Екінші кезең (негізгі кезең) – Байқаудың жеңімпаздарын анықтау. 

Ұйымдастыру комитеті жобаның ережесіне сай келмейтін бейнежазбаларды (мазмұны, файлды сақтау және жіберу талабы, техникалық сипаттамасы, сонымен қатар кеш жіберілген) қарамауға құқығы бар.

Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 1 желтоқсанына шығарылады.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Қасиетті домбыра» (домбыраның сүйемелдеуімен орындаған Елбасының сүйікті әндері мен авторлық шығармаларын орындау);

– «Әсем әнім сырнайдай ...» (қазақ халқының музыкалық мұрасы мен азақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қазақ тіліндегі сүйікті әндерін насихаттау).

         Дауыс беру қорытындысы бойынша:

Сонымен қатар байқау жңімпаздарына әр номинация бойынша бағалы сыйлықтар беріледі.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі әншілер, композиторлар және педагогтар кірген.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Өтініш пен қосымша құжаттар 2021 жылдың 8 қазанға дейін келесі мекен-жайға жіберілуі керек:Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к., 1a.– «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» ММ

Конкурс туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың келесі сайттарына орналастырылады:  www.presidentlibrary.kz., www.fpprk.kz және www.dvor.kz

 

Байланыс тел/факс: моб: 8 (7172) 69 30 64; +7 702 2309166

e-mail: cmp_museum@mail.ru

Үйлестіруші: ЖақыповаСаягүлҚұрбанқызы

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Ә. Мәмбетов к.,, 1.

Үйлестіруші: Джапарова Алмагуль Борисовна

Байланыс тел/факс: 8 (7172) 32 49 28 моб: +7 701 999 50 14

e-mail:dvorecskool@mail.ru



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News