Балалар арасындағы "Қазақстан - балалар көзімен" сурет байқауы

 

Бәйге, бәйге, бәйге!

Қылқаламды аламыз,

Түрлі сурет саламыз!

Құрметті достар,

Қазақстанның Омбыдағы Консулдығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар арасында "Қазақстан - балалар көзімен" тақырыбында сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-12 жас аралығындағы  қылқалам шеберлері қатыса алады.

Байқау шарттары: 

- Сурет форматы  А4 немесе А3 болуы қажет. Сурет салудың кез-келген техникасы қабылданады (қарындаш, фломастер, гуашь, акварель, тушь, пастель, витраж, майланған және акрилденген бояулар және т.б.);

- Жұмыстарды картоннан жасалған жиектемеге салу керек;

- Автордың аты-жөнін, жасын, тұрғылықты жері мен байланыс телефонын көрсеткен жөн;

- Суреттерді 2021 жылғы 26 сәуір - 24 мамыр аралығында пошта арқылы мына мекенжайға жолдау қажет: Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы, 644010, Омбы қ., Ш.Уәлиханов көшесі, 9 үй. Сонымен қатар, суреттің жақсы сапада түсірілген фотокөшірмесін konkursomsk2021@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек;

- Жеңімпаздар тәуелсіз қазылар алқасы шешімінің негізінде анықталады;

- Үздік суреттер Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында өтетін көрмеге қойылады;

- Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі 2021 жылғы 1 маусым күні өткізіледі;

Байқаудың нәтижесі туралы толық ақпарат Консулдықтың www.kz-omsk.ru ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News