Аймақтың қоғам қайраткерлері ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарына ие болды

2021 жылғы 2 сәуірде Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын 2020 жылы жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде атап өтуге белсенді қатысқаны және Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін аймақтың бірқатар қоғам қайраткерлеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында: А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық мемлекеттік ғылыми кітапханасының директоры Александр Ремизов, "Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" Түмен аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Есенғалий Ибраев, "Мөлдір" қазақ мәдениетінің сібір орталығы" Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының кеңес төрайымы Алтынай Жүнісова, "Омбы қазақтары" Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының басшылары Қуаныш Елеутаев пен Торғын Ашенова, "Қазақ ұлттық-мәдени орталығы" Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының президенті Жанат Бекмағамбетов және "Қазақтардың ұлттық мәдени автономиясы" Алтай өлкелік қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Бекмұратов.

Іс-шара барысында Қазақстан Консулдығының басшысы салтанатты рәсімнің қатысушыларын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтуге белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, қазақ және орыс халықтарының ұлтаралық бірлігі мен достығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын ұлы ақынның мұрасын жас ұрпақ арасында насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News