Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының делегациясы Омбыда болып қайтты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық пен рухани-өнегелі тәрбие беруге, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени, тарихи және достық байланыстарды нығайтуға бағытталған "Естелік пен бейбітшілік жолдарымен" атты халықаралық жобасы аясында Қазақстанның шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құралған Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының делегациясы Омбыда болып қайтты.

Делегация А.С.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасында болып, қазақ әдебиеті мен мәдениеті экспозициясының ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ аталған іс-шара барысында кітапханалар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ашылған экспозицияда қазақтың ұлы ақындары Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев және Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған қазақ кітапханасы қорының басылымдары ұсынылды. Делегация мүшелері Омбы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, Ф.М.Достоевский атындағы мемлекеттік әдеби мұражайында  және Омбы Достық үйінде болып, Омбы облысының қазақ қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Осы сапар барысында делегация мүшелері ұлы қазақ зерттеуші, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне, Жеңіс саябағында орналасқан Мәңгілік алау мен "Сібір Анасы" атты ескерткішіне, сондай-ақ Омбыдағы соғыс ардагерлері госпиталі ғимаратында орналасқан белгілі қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News