Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі Отанына жеткізілді

2021 жылғы 22 маусымда Өрлітөбе (Павлодар облысы) шекаралық бақылау-өткізу пунктінің аумағында өткен ресми іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін Павлодар облысы әкімдігінің өкілдеріне тапсырды. Жақын арада сарбаздың сүйегі Қызылорда облысында тұратын туыстарына жеткізіліп, туған өлкесінде жерленеді.

Жауынгер Емберген Асайнов 1900 жылы Кызылорда облысында дүниеге келген. 1942 жылдың ақпан айында Арал ауданынан әскер қатарына шақырылып, Ленинград түбіндегі кескілескен қанды шайқаста ерлікпен қаза тапқан.

Кеңес сарбазының сүйектерін ресейлік іздеушілер 2019 жылдың күзінде Ленинград облысы Киров аудынының маңында тапқан. 2021 жылғы 18 маусымда Омбы қаласында орналасқан әскери даңк мұражай комплексінің ауласында "Қазақ ұлттық-мәдени орталығы" атты регионалдық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған салтанатты митинг өтті. Аталған іс-шара барысында Омбы облысы үкіметінің ресми өкілдері мен жергілікті ардагерлер кеңесі қазақ сарбазының сүйегі салынған табыт пен оның жеке заттарын Қазақстанның Бас консулдығының өкілдеріне әскери құрметпен тапсырды.

Қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін тауып, оны туған елге жеткізуге қолдау көрсеткен үшін Бас консулдық барлығына өзінің зор алғысын білдіреді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News