Санкт-Петербургтегі отандастар қауымдастығының басшысы Сәрсенғали Құспанов қайтыс болды

«Ата-Мекен» қазақ қоғамының Президенті Сәрсенғали Аққұлұлы Құспанов қайтыс болды.
Сәрсенғали Аққұлұлы Құспанов 1938 жылы Қазақ КСР-нің Гурьев облысында дүниеге келген. Әскерде қызмет етпес бұрын ол мұнай саласында жұмыс істеді, кейін Қиыр Шығыста қызмет етті. Қызметтен кейін ол Ульянов-Ленин атындағы Ленинград электротехникалық институтына (ЛЭТИ) оқуға түсіп, тарату бойынша Ленинградта қалған.

Әскери академияның компьютерлік орталығына жетекшілік етті. Ол КСРО-ның барлық металлургиялық зауыттарын қамтитын ауыр машина жасау министрлігінің Ғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы, директордың орынбасары болды.

Қоғамдық жағынан Сәрсенғали Аққұлұлы 1964 жылдан бастап Ленинград қаласындағы қазақстандықтар мен студенттер кеңесінің төрағасы және «Арай» ансамблінің жетекшісі болды.
1989 жылы Ленинградта тұратын қазақтардың бастамасымен «Ата-Мекен» қазақ мәдениеті қоғамын құру туралы шешім қабылданды. Сәрсенғали Аққұлұлы 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Ата-Мекен» қазақ қоғамын басқарып келді.
Консулдық бұл қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Сәрсенғали Аққұлұлы өмірін қоғамдық жұмысқа арнаған қайырымды, жанашыр адам болды. Ол қазақ мәдениетін сақтау бойынша қажетті және маңызды жұмысқа шын жүректен беріле отырып, Санкт-Петербургтегі қазақ диаспорасының қызметіне көп уақыт бөлді.

Сәрсенғали Аққұлұлы туралы жарқын естелік оның туыстары мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News