Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды

Құрманғазы атындағы Астрахан өңірлік мәдениет орталығында биыл атап өтілетін қазақтың көрнекті композиторы, домбырашы, Қазақ КСР-нің халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай шығарылған "Түркі әлемінің ұлы композиторы" кітабының тұсаукесері өтті. 

Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жарық көрген кітапта күйші өмірі туралы бұрын-соңды жарияланбаған бірегей деректер бар.

Іс-шараны Астрахандағы ҚР Бас консулдығы Астрахан облысының халықаралық байланыстар агенттігі мен мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Тұсаукесер қонақтары ғалымдардан, этнографтар мен музыканттардан құралған Қазақстан делегациясы, жергілікті мемлекеттік органдары, қазақ диаспорасының өкілдері және аймақ тұрғындары болды.

Жиынға қатысушылар Дина Нұрпейісованың қазақ домбыра музыкасының дамуына және оны оркестрге бейімдеуіне, сондай-ақ классикалық күй мектебінің қалыптасуына қосқан ерекше үлесін атап өтті. Олардың айтуынша, Астрахан облысы көрнекті композитордың екінші отаны болып саналады. Себебі, ол мұнда 15 жыл өмір сүрген және 1934 жылы Марфино ауылындағы өткен көркемөнерпаздар байқауында бірінші орын алды, бұл күйшінің алғашқы жеңісі болатын.

Мерекелік шараның жалғасы ретінде 26 қарашада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева Астрахан мәдениет және өнер колледжінде домбырада шеберлік сабағын өткізеді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News