Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

2021 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулдығында салтанатты және көңілді түрде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында «Қазақстан - балалар көзімен» атты балалар сурет байқауы өтті. Омбыдағы қазақ қоғамдық ұйымдарының қолдауымен болған мерекелік концертте қазақ халық әндері мен күйлері орындалып, домбыра мен би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті.

Бас консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек балалар мен олардың ата-анасын халықаралық мейрамымен құттықтап, конкурстың барлық қатысушылары мен фольклорлық-этнографиялық ансамблдерінің ұжымдарына бағалы сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттарын табыс етті.

Іс-шараға Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Смолин, Омбы облысының өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің, сондай-ақ Омбы, Алтай, Қорған қазақ қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News