Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Қазақстан: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет" (тарихы, бүгіні, болашағы)" атты дөңгелек үстелдің екінші бөлімі өтті.

Іс-шара басталар алдында дөңгелек үстелге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Содан кейін "Ешқашан ұмытылмайды" атты деректі фильм көрсетіліп, жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталуы, оның жеке адамдардың тағдырына әсері және миллиондаған адамдардың өліміне әкелген, қазақ халқы тарихының ең қайғылы да зұлматты - Ашаршылық кезеңі мен оның негізгі себептері талқылады.

Дөңгелек үстелге педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Қайыртай Әмірғазин, журналист Айгүл Бескемпірова, А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық мемлекеттік ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Андрей Рыгалов, сондай-ақ Омбы, Алтай, Қорған, Новосібір, Томск және Челябіде орналасқан қазақ қоғамдық ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

XX ғасырдың 20-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға қарсы жүргізілген қуғын-сүргін зобалаңы – Қазақстанның тарихындағы қасіретті кезең. 1997 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News