Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 5 наурызда Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде және қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдығына арналған "Қазақстан: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет" (тарихы, бүгіні, болашағы)" атты оффлайн/онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Қайыртай Әмірғазин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы, "Алаш" мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп, "Отандастар Қоры" КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, сондай-ақ Консулдықтың консулдық округіне қарасты 9 федералдық аймағында орналасқан қазақ қоғамдық ұйымдарының, ҚР СІМ, ҚР Мәскеудегі Елшілігінің, және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Бас консулдықтардың басшылығы қатысты.

Жиынға қатысушылар қазақ халқының төл тарихының өзекті мәселелері туралы баяндап, еліміздің тәуелсіздік дәуіріндегі осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ, "Алаш" партиясының көшбасшыларының бірі, ғалым, публицист Әлихан Бөкейханның біртұтас Алаш идеясы туралы тұжырымының әлі де маңызын жоймағанын, ата-бабамыздың арманы орындалып, Алаш көшбасшылары мен белсенділерінің, Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанын ерекше атап өтті.

 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News