"Қазақстан" павильоны Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде қайта қалпына келтіруден кейін ашылды

19 қараша күні Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі "Қазақстан" павильоны ауқымды қалпына келтіруден кейін ашылды.

Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі (ХШЖК) – тарихи павильондары, аркалары мен мұражайлары, субұрқақтары, тоғандары мен мүсіндері бар 325 гектар жерде орналасқан Мәскеудегі ең танымал қоғамдық орындардың бірі. ХШЖК-да Мәскеудегі 49 мәдени мұра нысаны бар.

"Қазақстан" павильонының тарихи бөлігінде ҚР тарихымен, мәдениетімен, сондай-ақ елді дамытудың стратегиялық бағдарламаларымен танысуға арналған ақпараттар ұсынылған.

Сондай-ақ павильон аумағы сауда-көрме жұмыстарына және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған.

Еске салайық, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім бойынша павильонды болашақта Ұлттық көрмені орналастыру үшін Қазақстанға 50 жылға жалға беру туралы шешім қабылданған болатын.

2017 жылы ғимаратқа 1954 жылғы тарихи келбетін қайтару бойынша қалпына келтіру, сондай-ақ тарихи ғимаратқа қосымша құрылыс салу арқылы павильон алаңын ұлғайту жұмыстары басталды. Осы сәттен бастап Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің тікелей қатысуымен оның тарихындағы ең ірі қайта құру жұмыстары жүргізілді. Қасбет, интерьер және мүсіндік композициялар, сонымен қатар кіре берістегі гранитті баспалдақ қалпына келтірілді. Орталық көрме залының үстіне шыны күмбез салынды. Бүгін де павильонның кіреберіс аркасында қонақтарды 65 жыл бұрынғыдай ақын Жамбыл Жабаев пен Социалистік Еңбек Ері Шығанақ Берсиевтің мүсіндері қарсы алуда.

Қазіргі уақытта павильонның жалпы ауданы 4 826 м2, оның ішінде тарихи бөлігі – 1 716 м2, жапсаржай – 3 110 м2, қабаттар саны – 5 (оның ішінде 1 жертөле). Сондай-ақ жөндеуден өткен ғимаратта сауда-көрме залы – 225 м2, 150 орындық конференц-зал (кинотеатр) және 120 орындық мейрамхана бар.

 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News