Түркістан мен Челябі облыстары ынтымақтастықты кеңейтуде

2021 жылы 18 қаңтарда әкімнің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған Қазақстан Республикасының Түркістан облысының Ресей Федерациясының Челябі облысына жұмыс сапары болды. Қазақстандық делегация құрамына Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі Еркебұлан Зарубаев кірді.

Сапардың негізгі мақсаттары аймақ басшылығымен тікелей жұмыс байланыстарын құру, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын зерттеу, сондай-ақ аймақтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту болды.

Сапар аясында Челябі облысы губернаторының орынбасары Егор Ковальчукпен кездесу өтті. Егор Ковальчук Қазақстанды Челябі облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі деп атады.

Қазіргі кезде ынтымақтастық әр түрлі салаларда жүзеге асырылады: сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, мәдениет, туризм және білім.

Осыған байланысты өңір губернаторының орынбасары алдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XVII аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясында өңірлер арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени салаларда, халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қалыптасқан деңгейін жоғары бағалады және оның жоғары оң динамикасын сақтауға, іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды ілгерілетуге және тауарларды үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығаруға дайын екендіктерін білдірді.

Машина жасау саласындағы инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықтың перспективаларын зерттеу аясында қазақстандық делегация Миасс қаласындағы "УРАЛ" автомобиль зауытының өндіріс орындарында болды.

"УРАЛ" автомобиль зауытының бас директоры Павел Яковлевпен кездесу барысында тараптар Түркістан аймағында жүк көліктері мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Келіссөздердің қорытындылары бойынша тараптар "УРАЛ" өкілдерінің Түркістан аймағына жауап сапарын ұйымдастыруға келісті.

Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек "Азамат" қазақ қоғамдық ұйымының орталығы» төрағасы Қанат Сейтиковпен кездесті. Әңгіме барысында отандастарды мазалайтын мәдениеттің дамуы мен қазақ тілін үйренуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News