Түмен облысы Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты кеңейтуде

Үстіміздегі жылдың 15 сәуірі күні "Түмен облысы мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы Даму перспективалары" тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Түмен облысы арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету болды.

Іс-шараны Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігінің қолдауымен Түмен облысының Үкіметі мен Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі Н. Каджиақбаров өз сөзінде Түмен облысының Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қатынастары жүйесіндегі маңызды орнын атап өтті. ҚР экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесіп дамытуды ұсынды.

Түмен облысы үкіметінің өкілі А. Машуков салалық бөлімдерде ынтымақтастықты кеңейтуді ұсына отырып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірді.

Дөңгелек үстел аясында қазақстандық және Түмен кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы екіжақты келіссөздер өтті. Іс-шараға екі елдің іскер топтарының 40-тан астам өкілдері қатысты.

Анықтама үшін: 2020 жылдың қорытындысы бойынша Түмен облысы мен Қазақстан аймақтары арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 70 миллион АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, пандемиямен байланысты шектеулерге қарамастан, сауда көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 3 миллион АҚШ долларына өсті.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News