Мәскеуде Қазақстан мен Түмен облысының бизнес субъектілері арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Елші Ермек Көшербаев Түмен облысындағы ҚР Құрметті консулы Владислав Квасовпен кездесті.

Іскерлік, сындарлы жағдайда өткен әңгіме барысында Қазақстан Республикасы мен Түмен облысының мүдделі кәсіпорындары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын кеңейту мәселелері талқыланды. Инвестициялар тарту, сондай-ақ, өнімдері біздің еліміз бен Орталық Азия өңірі үшін қызығушылық тудыратын өндірістерді Қазақстанда оқшаулау бойынша бірлескен жұмыстың басымдықтары айқындалды.

Елші Құрметті консулға 2020 жылы пандемия өршіп тұрған кезде Түмен облысынан қазақстандық азаматтарды өз Отанына эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде Владислав Квасов көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түмен бизнес субъектілері арасындағы өзара тиімді серіктестік қатынастарды нығайту үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News