ҚР Премьер-Министрі А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында өтті.

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Осы жылы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтірілуде. Биылғы қаңтар-маусым айларында екіжақты тауар айналымы $10,7 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл $23 млрд-тан асуы мүмкін.

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 7791 кәсіпорын және 3325 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Ресейлік компаниялар ҚР экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша басты инвесторлардың бестігіне кіреді. Соңғы 10 жылда Ресей Қазақстанға шамамен $12,6 млрд инвестиция салды. Ресейлік компаниялардың инвестициялық портфелі әрбір салада дерлік бар.

Жалпы сомасы $5,3 млрд құрайтын, өнеркәсіптік кооперация, сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы 30 бірлескен ірі жоба іске асыру және пысықтау сатысында тұр.

Мысалы, «Татнефть»-пен бірлесіп шина өндіру зауыты, «КАМАЗ» ЖАҚ-пен шойын құю және жетекші белдемелердің бас берілістерінің редукторларын өндіру зауыты салынып жатыр және т. б.

Осы жылдың 6 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр шығыс бағыттарында барлығы 406,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 48%-ға артық. Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдар көлемі 326,2 мың ЖФЭ (+58%) құрады.

Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды:

- Шығыс Тарутин (Қазақстан Республикасы), Тарутин (Ресей Федерациясы) кен орындарында мыс (мыс-алтын) кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісім;

- АХФО мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, АХҚО, «Сколково» Мәскеу басқару мектебі арасындағы тұрақты даму стратегиялары жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

- «Башқұрт сода компаниясы» АҚ мен «Каустик» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісім;

- қағазсыз технология бойынша «РТЖ» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ/ «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС қатысуымен жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасы;

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы темір жол көлігімен агроөнеркәсіптік өнімдерді тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустин Қазақстан Үкіметінің Цифрлық кеңсесінің жұмысымен, халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында іске асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ АХҚО қызметімен танысты.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News