Қазақстандағы сайлау заңнамасына түзетулер енгізілді

2021 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстандағы сайлау мәселелеріне қатысты заңдарға қол қойды. Заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес аудандық деңгейдегі қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері тікелей жолмен сайланып, саяси партиялар үшін Қазақстанның Парламенті Мәжілісіне өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендеп, сайлау бюллетендеріне «барлығына қарсымын» деген баған қосылатын болады.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың белсенділігін, жергілікті мемлекеттік органдардың тұрғындардың мұқтаждары мен проблемаларын шешудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Әкім болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес біліктілік талаптарына сай, 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады.

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау науқанының мерзімі 30 күнді құрайды.

Саяси партиялардың Қазақстан Парламенті Мәжілісіне өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету саяси бәсекелестікті дамыту үшін қажет. Сайлау бюллетендеріне «барлығына қарсымын» деген бағанның қосылуы балама пікір алуға, азаматтардың сайлауға құқықтарын қорғауға арналған маңызды шара.

Аталған заңдар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформалар пакетіндегі басты бастамаларды іске асыру аясында қабылданып отыр.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News