Түмен облысында Қазақ мәдениеті күндері шеңберінде «Шексіз достық» мерекелі фестивалі өтті

2021 жылы 17 желтоқсанда Түмен облысындағы Қазақ мәдениеті күндері шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 29 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Шексіз достық» мерекелі фестивалі өтті.

«Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» аймақтық қоғамдық ұйымы ұйымдастырған концерт аясында қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін балалар мен жастар көркемөнер ұжымдарының ұлттық ойындары мен қойылымдары ұсынылды. Сонымен қатар, көрермендер «Жас ұрпақ» қазақ би мектебі тәрбиеленушілері, әнші Венера Рамазанова, «Арман» қазақ ән, «Мерей» қазақ вокалдық және «Гүлдер» қазақ би ансамблдерінің орындалуында халықтық және танымал билер, әндер мен күйлер тамашалады. 

Мәдени іс-шараға Қазақстанның Түмендегі Құрметті консулы Владислав Квасов, Түмен облысының Ұлттар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Владислав Чернов, Түмен облысының думасы, мемлекеттік органдар, ұлттық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі, іскерлік және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ жергілікті қазақ қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысты.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News