А. Мамин Уфа қаласында Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысты

Бүгін Уфа қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысты.

Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету тұрғысынан өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы сауда көлемі 30%-ға артып, $19,5 млрд-қа жетті. Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалады — Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ға, оның ішінде өңделген өнім көлемі 47,7%-ға өсті.


Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға өсіп, $305 млн құрады. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 10,3%-ға жоғары. Алдағы жылдары тараптар тауар айналымын $1 млрд дейін жеткізуге ниетті.

А. Мамин мен Р. Хабиров Уфа қаласында өтіп жатқан «Халықаралық бизнес апталығы-2021» аясында «Қазақстан – Башқұртстан» іскерлік форумына қатысты. Форумда 100-ге жуық адам — мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары, сондай-ақ екі республиканың іскер топтарының өкілдері бас қосты.

«Башқұртстан Республикасы Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінде ерекше орын алады. Биылғы қыркүйек айының соңында Радий Хабировтың ҚР-ға сапарының қорытындысы бойынша бекітілген Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттырудың сенімді тетігіне, сондай-ақ бизнес-топтар үшін бірқатар перспективалы салаларда қалыптасатын мүмкіндіктердің тереңдігі мен ұзақ мерзімділігінің белгісіне айналуда», — деді А. Мамин форумда сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Башқұртстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – экономикалық даму және инвестициялық саясат министрі Р. Муратов, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР және БР ірі бизнес өкілдері баяндама жасады.

Форум аясында химия және тоқыма өнеркәсібі, машина жасау, АӨК, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы консалтингтік қызметтер салаларында 8 инвестициялық және коммерциялық келісімшартқа қол қойылды.

Аса маңызды құжаттардың бірі «Каустик» АҚ мен «Башқұрт сода компаниясы» АҚ арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы қол қойылған келісім болды. БК шеңберінде Қазақстан мен Ресей аумағында жалпы көлемі $1 млрд дейінгі жобалар іске асырылатын болады. Каустикалық сода, натрий гипохлориті, хлор, тұз қышқылы, титан қостотығы және басқа да химиялық өнімдер өндірісі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ТМД-дағы жалғыз цирконий оксихлоридінің өндірісі жолға қойылады.

Үкімет басшысы Уфа қаласына сапары барысында Салават Юлаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Башқұртстанның жобалық басқару және әлеуметтік мониторинг тәжірибесімен танысты, сондай-ақ телекөпір режимінде Башқұртстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

Жұмыс сапарына сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, іскер топтар өкілдері және т. б. қатысты.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News