Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізу туралы

 

 

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына және оған енгізілген өзгерістерге (2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587) сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен 08 қарашаға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы жүргізіледі.

Шетелде уақытша жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының санағын ұйымдастыру және жүргізу шаралары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерге жүктелген.

Көрсетілген қаулыға сәйкес, шетелде санақ жүргізуге Қазақстан Республикасы азаматтарының келесі санаттары жатады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арқылы қызметтік міндеттерін орындауға байланысты 12 ай және одан да көп мерзіммен шетелде жүрген немесе ұзақ қызметтік іссапармен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олармен бірге жүрген отбасы мүшелерін қоса алғанда);

2) 12 айдан аз мерзімге шетелге уақытша іссапарға , келісімшарттар бойынша жұмыс істеу, оқу (елде болмау мерзіміне қарамастан "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды қоса алғанда) және басқа да себептер бойынша кеткендер (бұдан әрі – респонденттер).

Респонденттер 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 08 қарашаға дейін www.sanaq.gov.kz парақшасында санақ бланкілерін электронды түрде толтыру арқылы халық санағына қатысады.

Егер респонденттердің санақтан өз бетімен өтуіне техникалық мүмкіндігі болмаса, Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері ғаламторға кіруге рұқсат етілген орынмен, компьютер құрылғыларымен қамтамасыз етіп, көмек көрсетуге дайын.

Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы санақ кезеңінде Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең жақын шетелдік мекемелерінің біріне бару үшін алдын ала жазылуға тиіс.

Ғаламтор арқылы санақ жүргізу кезінде респонденттер www.sanaq.gov.kz веб-парақшасына тіркелуі керек.

Тіркелгеннен кейін респонденттер үшін санақ парақтарының электронды нұсқалары қолжетімді болады, оларды толтыру қажет. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.

Ұлттық халық санақтан өту бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда "жедел желі" телефонына қоңырау шалуды сұраймыз: +7-968-100-73-06 (жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін).

ҚР Омбыдағы Бас консулдығы



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News