Об ограничении на въезд и выезд с территории Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан

2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі

өту тәртібі

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін уақытша шектеулер енгізіледі, мыналарды қоспағанда:

1) елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегациялардың мүшелері, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың делегациялары мүшелері;

3) Қазақстан Республикасының мүшесі болып табылатын және шет мемлекеттердің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері - қызметкердің мәртебесін растаған жағдайда;

4) Қазақстан Республикасында аккедиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер;

5) поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру жөніндегі операцияларға қатысатын адамдар;

6) қазақстандық әуекомпания қызметкерінің мәртебесін растаған жағдайда қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер;

7) қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің отбасы мүшелері (туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда - жұбайы (зайыбы) және олардың балалары), бірақ 30 тәулікте 1 реттен артық емес;

8) қызметкерлердің куәландырылған атаулы тізімде болған жағдайда қызметтік міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;

9) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда1 орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындарының құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары) әскери құралымдарда (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі және туыстық байланыстары расталған кезде, сондай-ақ осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға

жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары - егер Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары болса;

10) «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері – «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын құжатты/құжаттарды міндетті түрде ұсынған кезде;

11) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, қызметкердің мәртебесі расталған кезде;

12) бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасы құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасына қайтып келген кезде;

13) Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен және/немесе иммиграциялық визалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

14) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген шетелдіктерді - растайтын құжаттарын көрсеткен кезде;

15) Қазақстан Республикасының шетелге емделуге кететін азаматтары Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде), мынадай құжаттар болған кезде:

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

- шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат, нотариалды куәландырылған аудармасы бар;

16) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім негізінде) емдеудің жедел әдістеріне ғана (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде) жазбаша шақыруы бар шетелдіктерді (азаматтығы жоқ адамдарды);

17) шет мемлекеттердің тұруға ықтиярхаты бар не олардың аумағында уақытша тұруға рұқсаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары (тек Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағында болу үшін) және олардың кәмелетке толмаған балалары – 90 тәулік ішінде 1 реттен артық емес2;

18) өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша азаматтығы бар еліне одан әрі ұшып шығу немесе автомобиль өткізу пункттері арқылы кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетін шетелдіктер – оларды өз мемлекеттерінің

дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің келісуімен және көмегімен шығарған жағдайларда;

19) растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдарды, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына ілесіп жүретін адамдар;

20) ауыр науқастануы туралы емдеу орнының растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелері және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін бара жатқан адамдар (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;

21) Қазақстан Республикасының аумағына елден кету үшін бұрын келген шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамның куәлігі шет мемлекет құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар);

22) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты (немесе оралман мәртебесі) бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың балалары) – 90 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

23) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) - туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы (зайыбы), олардың ата - аналары және балалары) және олардың кәмелетке толмаған балалары - 90 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

24) шетелдіктердің отбасы мүшелері (ерлі – зайыптары, ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары), қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары және олардың кәмелетке толмаған балалары- тек отбасы мүшесінің азаматтығы бар еліне шығу үшін, 90 тәулік ішінде 1 реттен көп емес;

25) шетелдік оқу орнының растайтын құжаттары болған жағдайда, сондай-ақ студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда шет мемлекеттердің оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары. Егер осы тармақшада көрсетілген мақсаттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматы кәмелетке толмаған болса, оның ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ере жүрулеріне рұқсат беріледі;

26) Қазақстан Республикасының аумағында оқу орындарында оқып жүрген шетелдіктерге (оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар), сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту,студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда, егер осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша кететін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болып табылса,

оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып жүруіне рұқсат етіледі.);

27) тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған кезде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауылшаруашылық қызметімен айналысатын тауарлардың иелері - ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттар болған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);

28) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

29) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары) – шетелдіктер;

30) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес жасалған келісім-шарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын адамдар;

31) Шет мемлекеттерге еңбек ету мақсатында шығатын Қазақстан азаматтарына, еңбек шартын, келісім шартты, еңбек етуге рұқсат қағазын немесе қабылдаушы тараптың еңбек етуге берген рұқсат қағазын немесе көшірмесін, сондай-ақ, шет мемлекеттің аумағына еңбек ету мақсатында кіруге берілген рұқсатты ұсынған жағдайда;

30) Қазақстан Республикасынан шығуға білікті қызметкерлер (мамандар) қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - баратын еліне келуге ресми рұқсаты болған жағдайда әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қолдаухаты бойынша;

33) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі және Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тиісті хаты негізінде - экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілетін және сотталған, сондай-ақ оларды қабылдап алу - беру айдауыл қызметінің қызметкерлеріне тапсыруды жүзеге асыратын адамдар;

34) Қазақстан Республикасына экипаждан тыс аусымға бара жатқан теңіз кемелердің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға (азаматығы жоқ тұлғаларға) теңіз (өзен) кемелердің экипаж құрамына қатыстығы мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда;

35) ҚР мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының шақыруымен медициналық жәрдем көрсету мақсатында, сондай-ақ, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келетін шетелдік медициналық персоналға.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығуларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына - визалық талаптарды сақтай отырып, егерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса - Қазақстан Республикасына кіруге/транзитпен өтуге рұқсат беріледі.

3. Ақтау және Құрық теңіз порттарында жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін, Қазақстан Республикасына қайтып келе жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және олардың жеке көлігін қоспағанда, жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Жүктерді теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Экипаждың кемелерден шығуына тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге және Қазақстан Республикасының аумағында болуға мемлекеттік органдарының рұқсаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеген жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру науқандары және ғарышкерлер қонатын жерден және ұшырылатын ғарыш объектілерін іздестіру және эвакуациялау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске қосылған әуе кемелерін және жер үсті техникасын шекара арқылы өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісім бойынша (оның ішінде жұмыс тәртібімен) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жол жүрудің мүмкіндігін анықтауға рұқсат беріледі.

6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (оның ішінде жұмыс тәртібімен) келісу бойынша Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері ресми өтініш жасаған кезде шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктері шақыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығумүмкіндігін анықтауға рұқсат беріледі;

7. Қазақстандық өткізу пункттерінде орналасқан көліктік логистикалық орталықтарына баратын халықаралық жүк тасымалдаушы жүргізуші – Қытай Халық Республикасы азаматтарына 24-сағаттық визасыз кіріп-шығуға рұқсат беріледі.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News