Қазақстанға ПТР анықтамасыз келген ҚР азаматтары үш күнге оқшаулауға жіберіледі

Тиісті талаптар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысымен қарастырылған. Өзгерістер тек теміржол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өткелдерімен елге кіруге қатысты. Шекарадан әуе жолымен өту ережелері өзгерген жоқ.

Қазақстан Республикасына келген ҚР азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар инфекцияның теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы (шекарадан өткенге дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған) және Қазақстан Республикасында СOVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатты болмаған кезде, ПТР әдісімен СOVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.

Содан кейін талдауы теріс нәтиже көрсеткен адамдарға тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19 зертханалық талдауы оң нәтиже көрсеткен адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді дәлелді себептері болған жағдайда тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдар мерзімі өткен анықтамалармен кіргізілетін болады. Бұған дейін дәлелді себептері болса да, мерзімі өткен анықтамасы бар барлық адамдар оқшауларға жатқызылатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдері бекітілді. Енді COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін 2021 жылғы 10 тамызға дейін, ал екінші компонентін 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін алу керек.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз

 


Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News