Омбыда Ресей мен ТМД елдерінің шекаралас аймақтарының халықаралық форумы өтті

2022 жылы 10-12 маусым аралығында Омбыда облыстың 200-жылдығына, Ресей халықтарының мәдени мұрасы жылына және Ресей күніне арналған "Шынайы және адал достық болсын"  Ресей мен ТМД елдерінің шекаралас аймақтарының  халықаралық форумы өтті.

Форумның іс-шараларына Ресейдің өңірлері, ТМД елдерінің өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының делегациялары мен шығармашылық ұжымдары қатысты.

Форум бағдарламасында 11 маусым күні "Қоғамдық дипломатия - бейбітшілік үшін диалог" атты халықаралық дөңгелек үстел, сондай-ақ форумның салтанатты ашылуы мен қатысушы шығармашылық ұжымдардың гала - концерті өтті. Іс-шаралар қорытындысы бойынша Омбы облысы мен Қазақстанның достық үйлері арасында мәдени ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды.

Форумның тарихы 18 жыл бұрын Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының мәдениеттер фестивалінен бастау алады. Атап өтетіні, форумның атауы қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың сөздерінен алынды. Бүгінгі күні форум Қазақстан, Ресей, сондай-ақ ТМД елдерінің халықтары арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және халықаралық пен өңіраралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған диалог алаңы болып табылады.

12 маусымда Омбы қаласының тарихи орталығы - Любинский даңғылында форумға қатысушылардың "Ұлттар шеруі" өтіп, оған 2 мыңнан астам адам қатысты.

Дәстүр бойынша, мерекенің салтанатты басталуы кезінде Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы Керім Қожамбердиев қаланың басты ашық хат-баннеріне естелік жазба қалдыру рәсіміне қатысып, ресейліктерді Ресей күнімен құттықтады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News