Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р бұйрығына енгізілген өзгертулерге сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары 2021 жылдың 1 ақпанынан 1 наурызына дейін Ресейге Армения мен Беларусь арқылы ұшатын рейстермен келе алады.
ЕАЭО елдері азаматтарының Армения мен Беларусь арқылы Ресейге кіруінің негізгі шарты "Путешествую без COVID-19" мобильді қосымшасында тіркелген коронавирустың теріс тестінің болуы.
ЕСКЕРТУ! Қазіргі уақытта бұл мобильді қосымшаны Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдану мүмкіндігі жоқ.
Осыған байланысты, Армения мен Беларуссия арқылы Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына кіруі қазіргі уақытта мүмкін емес (жоғарыда аталған Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысының 2-тармағына сәйкес кіруге себептері бар адамдарды қоспағанда).