Ресей жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына!

Ресей Федерациясындағы эпидемиологиялық жағдайға және қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты шетелдік, оның ішінде Қазақстан Республикасының студенттерін Ресейдегі жоғары оқу орындарынан шығарылмайтынын хабарлаймыз.

Ү.ж. қараша айында РФ Білім және ғылым министрлігі елдегі жағдайға байланысты шетелдік студенттерді Ресейдің ЖОО оқудан шығармау жұмыстарын ұйымдастыруда. Нақты айтқанда, Министрлік ресейлік университеттерді шетелдік студенттер үшін жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды.

Сонымен қатар, Елшілік тарапы ү.ж. қараша-желтоқсан айларында Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ағарту министрлігінің өкілдерімен, сонымен қатар негізгі жергілікті ЖОО басшылығымен екіжақты кездесулерді өткізді.

Келіссөздер нәтижесінде ресейлік тарап қазақстандық азаматтарды жоғары оқу орындарынан шығармайтындығына сендірді. Осыған қоса, пандемияға байланысты Ресейге кіре алмайтын Қазақстандық студенттері қашықтықтан дипломдарын қорғай алатынын жеткізді.

Ресейдегі оқу орындарына қайтып келген біздің студенттерге 14 күндік карантинден өту және ПЦР-тесттерін ұйымдастыру үшін ЖОО жатақханасында бөлме беру туралы келісім жасалды.

Қазіргі таңда Елшілік осы мәселеге қатысты қазақстандық студенттердің жағдайын бақылауда ұстап, жұмыс әрі қарай жүргізілуде. Біздің азаматтарды білім беру ұйымдарынан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке негізде қарастырылатын болады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News