Құрметті азаматтар!
2021 жылдың 18 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Омбы қ. Консулдығы барлық консулдық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды қайта бастайды.
Сонымен қатар, Консулдық округке кіретін аймақтарда (Кемеров, Қорган, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен және Челябі облыстарында, сондай-ақ Алтай Республикасы мен Алтай өлкесі) тұратын азаматтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу үшін өздерінің паспорттарын пошта арқылы жіберуге мүмкіндік сақталады. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін құжаттарды жіберу тәртібімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://kz-omsk.ru/ru/consular/citizenship/registracziya-utratyi-grazhdanstva-respubliki-kazaxstan.
Консулдық сұрақтар кеңес алу үшін +7-968-100-73-03 телефон нөміріне (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) немесе Skype бағдарламасы арқылы (іздеу жолына «Okno Omsk» сөзін енгізу керек, дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі – сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) хабарласуды сұраймыз.
Шұғыл мәселелер бойынша +7-968-100-73-06 «жедел желі» телефонына қоңырау шалуды сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Омбы қ. Консулдығы