Челябі қаласында Қазақстанның достық ағашы отырғызылды

Ресейдегі Оңтүстік Урал өңірінің орталығы болып саналатын Челябі қаласында Ресей күні аталып өтті.



Соған орай қалада Достық шеруі өтті, сонымен қатар  халықтар бірлігінің белгісі ретінде Глинка атындағы опера және балет театрының алдындағы алаңға ағаш отырғызылды.         

Достық шеруінен кейін облыс гутернаторы  Борис Дубровский  қала мен қала қонақтарына арнау сөзін айтты. «Челябі облысын көптеген этностар  құтты мекен етеді. Бұл біздің ерекшелігіміз, артықшылығымыз. Достық арқасында  ортақ отанымызды дамытудамыз» деді губернатор Борис Дубровский.         

Ресей күні Глинка  атындағы опера және балет театры алдындағы алаңда болашақ «Сад ШОС – БРИКС» сая бағының негізі салынып, белгі қойылды. Онда  он түп Эсмеральда үйеңкісін Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай халық республикасы,  Бразилия, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Үндістан, Оңтүстік Африка республикасы елдерінің Ресейдегі дипломатиялық өкілдері отырғызды. Олар ағаш отырғызып жатқанда сол мемлекеттің  туы желбіреп тұрды. Олардың қатарында үйеңкіні Қазақстан Республикасы атынан консулдың тапсырмасы бойынша  Челябі облысы қазақтарының «Азамат» этно мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Сейтіков отырғызды.         

« Оңтүстік Уралды жайлаған қандастарымыз үшін  бұл үлкен дәреже болды. Ата мекеніміз Қазақстанның көк Туы әлемдегі өзге елдермен қатар желбіреп тұруы біздің рухымызды көтерді. Ал мына жерде орнайтын болашақ саябақта, біз отырғызған үйеңкі жанына талай отандастарымыз, осындағы қандастарымыз келіп отыратын, демалатын және  көрші елмен достығымызды паш ететін болады» деді Қанат Сейтіков.         

Еске сала кетсек, Ресейдің Челябі облысында 36 мың қандастарымыз тұрады. «Азамат» этно мәдени қоғамдық бірлестігі олардың салт-дәстүрін, тілін ұмытпауы үшін  көптеген шаралар атқарып келеді.

Источник «Егемен Қазақстан»




25

Официальный сайт Президента Республики Казахстан

Официальный сайт Президента Республики Казахстан

Официальный сайт Правительства Республики Казахстан

Официальный сайт Правительства Республики Казахстан

Официальный сайт МИД Республики Казахстан

Официальный сайт МИД Республики Казахстан

Официальный сайт Посольства Республики Казахстан в Москве

Официальный сайт Посольства Республики Казахстан в Москве

Консульство РК в г.Омске (РФ)

Консульство Республики Казахстан в г.Омске (РФ) в Контакте

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News