ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА АРНАЛҒАН КУӘЛІК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ҚАЙТУҒА ОРАЛУҒА АРНАЛҒАН КУӘЛІГІН

РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

 ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасына қайтуға оралуға арналған куәлігін Консулдықтың консулдық округінде тұратын (Кемеров, Қорған, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен және Челябі облыстары, Алтай Республикасы және Алтай аймағы) келесі санаттағы азаматтарға ресімдеуді жүзеге асырады:

 

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Ресей Федерациясының аумағында болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

        Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына (16 жасқа толғанда және алғашқы рет құжаттандыру кезінде);

        Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Ресей Федерациясының аумағында болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

        Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 4) Қазақстан Республикасында босқындар деп танылған адамдарға – олар Ресей Федерациясының аумағында болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

        Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін жарамсыз құжаттары бар азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына берілген жағдайда.

        Қажетті құжаттар тізімін мына жерден қараңыз

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!

 Қайтуға оралуға арналған куәлігінің ресімдеу мерзімдері:

2 (екі) жұмыс күні - жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;

10 (он) жұмыс күннен аса - жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.

 

Қайтуға оралуға арналған куәлігін ресімдеу үшін консулдық алым 570 рубль құрайды (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша).

Консулдық алым қайтаруға жатпайды;

Құжаттар пошта арқылы ресімделмейді.

Құжаттар тек жеке түрде жүгінген кезде қабылданады және беріледі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады). 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News