Жалпы ақпарат

Бүкілресейлік санақ мәліметтеріне сәйкес (2021 ж.) Ресейдегі қазақтар саны (21облыс және аймағы бойынша) 591 970 адамды құрайды (жалпы халық санының 0,4 пайызы). Басқа ақпараттар бойынша, қазақтар саны 800 мыңнан 1,5 млн. адамға дейін жетеді. Мәскеу және Мәскеу маңында 16070 адам тіркелген. Қазақтар шоғырланған аймақтарға ҚР шекарлас: Астрахан (143717 адам), Орынбор (107734 адам), Омбы (69407 адам), Саратов (64065 адам), Волгоград (37576 адам), Челябинск (29057 адам), Тюмень (20611 адам) кіреді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы тарапынан шетелдегі отандастарымыздың топтарына (оның ішінде Ресей аумағында орналасқан), тиісті мәдени-гуманитарлық және практикалық қолдау көрсетіледі. ҚР мен РФ арасындағы шекарааралық мәдени байланыстар белсенді дамуда. Ресейдегі отандастарымыз өздерінің өзекті мәселелерін талқылау үшін үлкен және кіші құрылтайлар өткізеді. Өз кезегінде аталмыш жиындар жақсы дискуссиялық алаңға айналып, тиімді қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін береді.

Ресейдің аймақтары мен қалаларында 50 шамасында қазақ мәдени-ұлттық және қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олармен жүргізілетін жұмыстар барысында ана тілді, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтап қалу мәселелері қамтылады.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі және Бас Консулдықтары тарапынан отандастардың қоғамдық ұйымдарымен конструктивті қарым-қатынас ретке келтірілген және мәдени-гуманитарлық салада бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Дипломатиялық өкілдіктер мен отандастардың өзара әрекеттесуін нығайту мақсатында жыл сайынғы кездесулер өткізіледі. Бірлесіп ұйымдастырылатын жобаларды талқылау және пайда болған сұрақтарды шешу үшін 1 айына бір рет Интернет-конференциялар өткізіледі.

 

Қазақ тілін дамыту бойынша сайттар тізімі:

www.tilalemi.kz  –  ақпараттық-танымдық портал;

www.tilqural.kz  – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.tilmedia.kz  – қазақ тілін оқытуға арналған портал;

www.balatili.kz – балалардың тіл меңгеруіне көмектесетін интернет ресурс;

www.sozdikqor.kz – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауға көмектесетін қосымша;

www.termincom.kz  –  қазақ терминдерінің электрондық қоры;

www.emle.kz  –  қазақ тілі орфографиясының анықтамалығы;

www.qujat.kz – мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған көмекші құрал;

www.qazlatyn.kz – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты әзірленген сайт;

www.atau.kz  – ономастикалық атауларға арналған сайт.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News