ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА
ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттардан Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi.
Барлық басқа жағдайларда азаматтар ҚР-да тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық көші-қон қызметі органдарына жүгінеді.
Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша
МАҢЫЗДЫ!
Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалтуы тіркелген азаматтар 5 (бес) жылдан кейін ғана Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады.
Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі бар не тізбеге сәйкес келетін адамдар және олардың отбасы мүшелері құжаттарға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының қолдаухатын қоса береді.
*****
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.
Құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).