Азаматтық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҒЫНАН ШЫҒУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

     Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын (Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар) Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының Президенті атына өтініш (осы жерден жүктеу)2 дана;
  • сауалнама-өтініш (осы жерден жүктеу)2 дана;
  • өмірбаян (осы жерден жүктеу) (өз қолымен жазылған)2 дана;
  • 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет - дана;
  • Қазақстан Республикасының азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі – 2 экз.;
  • балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері2 дана (әрқайсысына);
  • Кету парағы және тұрақты тұруға кету туралы хабарлама немесе тұрақты тұруға кету туралы белгісі (мөртабаны) бар паспорт парағының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  • соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  • өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  • жоғарыда көрсетілген тұлғалардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері - 2 дана (болған жағдайда, әрқайсысына);
  • Ресей Федерациясында тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
  • Ресей Федерациясының азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат (хабарлама), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
  • Консулдық алым төленгені туралы құжат (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 8500 ресейлік рубль. 

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішті қарау мерзімі - 6 ай.

Консулдық төлемдер қайтарылмайды.

Құжаттар жеке жүгінген кезде ғана қабылданады және беріледі.

         18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

Өтініш берушінің әрбір отбасы мүшесі үшін, жасына қарамастан, бөлек құжаттар топтамасы ұсынылуы керек.

Ата-аналардың біреуі баласымен бірге азаматтықтан шығу туралы өтініш білдірген жағдайда, екінші ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімін - түпнұсқасын және көшірмесін ұсыну қажет.

14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.

Құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News