Қазақстан Республикасына қайтуға оралуға арналған куәлігін ресімдеу үшін құжаттар тізімі
Қазақстан Республикасында босқындар деп танылған адамдарға – олар Ресей Федерациясының аумағында болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда
- Ресімдеу үшін өтініш - 1 дана; осы жерден жүктеу (өтінішті басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);
- Сауалнама- 1 дана.; осы жерден жүктеу (сауалнаманы басып шығару және үлгіге сәйкес толтыру қажет);
- Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті фотосурет - 2 дана;
- ҚР ІІМ берген жол жүру құжатының көшірмесі (болған жағдайда) - 1 дана;
- Ресей Федерациясының ішкі істер органдарынан жол жүру құжатын жоғалту немесе ұрлау туралы анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
- Ресей Федерациясының азаматтығының жоқтығы туралы тұрғылықты жері бойынша Ресей ІІМ көші-қон басқармасынан анықтама (Ресейде бір жылдан астам уақыт болған жағдайда), түпнұсқа - 1 дана;
- Консулдық алым төленгені туралы құжат (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 570 ресейлік рубль.
ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған ақпаратты тексеру үшін көрсетіледі және құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушілерге қайтарылады.