Ресей федерациясына сапар шегетін қазақстан республикасы азаматтарының назарына

Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан Республикасы азаматтарының болу тәртібітуралы

2002 жылғы 31 шілдедегі «Ресей Федерациясындағы шетелазаматтарының құқықтық жағдайы туралы» № 115-Ф3 Федералдықзаңның 30-бабына, сондай-ақ, 2003 жылғы 10 қаңтардағы «Ресей Федерациясынан кету және Ресей Федерациясына келутәртібі туралы» Федералдықзаңның 25.9-бабына сәйкес, шетелазаматтары (соныңішіндевизасыз режим бойыншакелетіндер) және азаматтығы жоқ тұлғалар Ресей Федерациясына кіру кезінде көші-қон карточкасын алып, толтыруға міндетті.

Ресейге келетін Қазақстан Республикасының азаматтары да көші-қон бақылауының карточкасын толтыруға міндетті.

«Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» РФ Федералдық заңы Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын белгілейді, сондай-ақ, шетел азаматтарының Ресей Федерациясында болуына (тұруына) және олардың еңбек, кәсіпкерлік және өзге де қызметтерді жүзеге асыруларына байланысты туындайтын шетел азаматтары мен мемлекеттік билікоргандары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, көрсетілген органдардың лауазымды тұлғаларының арасындағы қатынастарды реттейді.

Аталған заңға сәйкес, шетел азаматтары Ресейге келген күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішіндетіркелулері тиіс. Бұл үрдіс Ресей Федерациясында уақытша болатын және тұратын (уақытша және тұрақты) шетел азаматтарын орталық деректер банкінде тіркеу үшін қажет.

Сондай-ақ, шетел азаматтарының болуларын бақылау «көші-қон карточкалары» арқылы жүзеге асырылады. РФ-ға кірер кезде толтырылатын көші-қонкарточкасы шетелдіктің жекебасын анықтайтын құжаттарымен бірге, РФ Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде шекаралық бақылау органының лауазымды тұлғасына ұсынылады. Бұл ретте, шекаралық бақылау органының лауазымды тұлғасы көші-қонкарточкасына РФ-ға/дан келуі

Көші-қонкарточкасын алған шетел азаматының Ресей Федерациясында уақытша болу мерзімі, көші-қон карточкасын алған күннен бастап 90 тәуліктен аспауы тиіс.

Сонымен қатар, Кедендік Одағына шеңберінде жасалған (Санкт-Петербург қаласы, 2010 ж. 19 қараша) Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімнің 2012 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне енді.

Осы Келісімнің 5-бабына сәйкес еңбекші-мигрант пен оның отбасы мүшелерін жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағына келген күнінен бастап 30 тәуліктің ішінде жұмысқа орналастырушы мемлекеттің уәкілетті органдарында тіркелуден (келген жері бойынша есепке қоюдан) босатады.

Шетел азаматтарының бұдан әрі болу мәселелері «Ресей Федерациясында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» РФ Федералдық заңымен реттеледі.

ЕурАзЭ қелдері арасындағы, және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы мемлекеттік шек араларды кесіп өту құқығын беретін құжаттар туралы

2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында Еуразиялық Экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің мәжілісінде (ЕурАзЭқ) Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметіжәне Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы Келісімге Хаттамаға қол қойылды.

Аталған Хаттамаға сәйкес, ЕурАзЭқ-а мүше мемлекеттер арасында визасыз режимнің сақталауы арқылы 2005 жылдың 24 мамырынан бастап Қоғамдастықтың аумағында ЕурАзЭқ-тың қатысушы мемлекеттері азаматтарының жүріп-тұрул ары үшін бір ыңғай құжаттар тізбесі енгізілді. Бұл тізбеге келесі құжаттар енгізілді: ұлттық, дипломаттық, қызметтік паспорттар, моряктың паспорты және елге қайту куәлігі (азаматтық еліне).

2005 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚазақстанРеспубликасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» № 494 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға және Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің 2005 жылғы 17 мамырдағы бірлескен мәлім демесіне сәйкес, жеке куәліктері (ішкі паспорттары) және балалардың туу туралы куәліктері (Қазақстан Республикасының 16 жасқа толмаған азаматтары, Ресей Федерациясының 14 жасқа толмаған азаматтары үшін) бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекара арқылы визасыз сапарлар режимін қолдануын қамтамасыз етілді.

Үкіметтің аталған қаулысы қолқойылған күнінен бастап күшіне енді.

ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы шек арамаңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы Келісім бойынша ақпарат

Маңызды және басымды мәселелердің бірі 2006 жылықазанда Орал қаласында қол қойылған Ресей Федерациясының Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы шекарамаңындағы аумақтар тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіпөту тәртібі туралы келісім.

Бұл Келісімнің басты мақсаты — шекар амаңындағы аумақтар тұрғындарының мемлекеттік шекаранык есіпөту тәртібін жеңілдету болыпта былады. Келісім бойынша 104 шекаранык есіп өту орындары, Қазақстан жағынан 7 облыста және Ресей Федерациясы тарапынан 10 субъектте белгіленген.

Сонымен қатар, Келісімде шекараны кесіп өту үшін жарамды құжаттар белгіленген. Олар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты және шекара аумағындағы елді мекенде тұратындығын куәландыратын әділет органдары немесе шекара маңы округтарының ауыл әкімдері растаған азаматтардың тіркеу кітабынан (тұрғындарды есепке алу кітабы) көшірме. Кәмелеттік жасқа толмаған (16 жасқадейінгі балалар) ҚР азаматтары үшін туу туралы куәлігі және кәмелетке толмаған балалар ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз шекараны кесіп өту үшін аталған өкілдердің немесе ата-анасының нотариалдық түрде ресімделген келісімі болуы тиіс.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

ҚР Консулдығы Омбы қаласы (РФ)

Консульство Республики Казахстан в г.Омске (РФ) в Контакте [ожидает перевода]

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News