Консулдық есеп

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ЕСЕБІ

 (Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

        Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы консулдық округте тұратын (Кемеров, Новосібір, Омбы және Томск облыстары, Алтай Республикасы және Алтай аймағы) келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарының есебін жүргізеді:

1) консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды;

2) консулдық округ аймағына уақытша келгендердi.

       

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

         1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

         2) болу елінің заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;

         3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін сақтауларын және олардың өз міндеттерін орындауларын бақылау болып табылады.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Бас консулдыққа келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Толтырылған тіркеу карточкасы (осы жерден жүктеу) – 1 дана;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

3) Кету парағы және тұрақты тұруға кету туралы хабарлама немесе тұрақты тұруға кету туралы белгісі (мөртабаны) бар паспорт парағының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

4) Ресейде тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

 

Уақытша консулдық есепке тұру үшін Бас консулдыққа келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Толтырылған тіркеу карточкасы (осы жерден жүктеу) – 1 дана;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

3) Ресейде тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!! 

Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған ақпаратты тексеру үшін көрсетіледі және құжаттарды қабылдағаннан кейін өтініш берушілерге қайтарылады.

Консулдық тіркеуге тұру үшін консулдық алым алынбайды.

 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News