Виза

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының визаларын Консулдықтың консулдық округінде тұратын (Кемеров, Новосібір, Омбы және Томск облыстары, Алтай Республикасы және Алтай аймағы) келесі санаттағы шетелдіктерге ресімдеуді жүзеге асырады:

         1) Ресей Федерациясында тұрақты тұруға рұқсаты бар;

         2) Ресей Федерациясында іскерлік және инвесторлық мақсаттары бойынша, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты бар шетелдіктер.

 АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

Қазақстан Республикасының визасын алу үшін

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама - 1 дана; осы жерден жүктеу (  басып шығару және толтыру қажет);

2) ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), көшірмесі - 1 дана;

3) ҚР ІІМ-де шақыруды ресімдеу қажет етпейтін виза алушылардың келесі санаттарының қолдаухаты, осы жерден жүктеу - 1 дана:

            - мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына (бір мәртелі виза) – "А3", "В1", "В3", "В10" және "В12";

         - бұрынғы отандастар (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның ұлттық паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы бар болса) – "В10";

            - шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға – "В4", "В5", "В8", "В10" (жерлеуге немесе туысқанының/жақындарының ауруына байланысты, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе әке-шешелеріне, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне – бір мәртелі виза), "В13", "С1", "С2", "С4" (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) және "С10".

4) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

5) Ресей Федерациясында тұрақты тұруға, іскерлік және инвесторлық мақсаттары бойынша, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты бар растайтын құжат - түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

6) Консулдық алым төленгені туралы құжат  (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша); 

7) 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар (сұратылатын визаның санатына байланысты).

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Визаның ресімдеу мерзімі - 5 (бес) жұмыс күн.

Визаны ресімдеу үшін консулдық алым:

         бір мәртелі виза (туристтік және транзиттік визалардан басқа) - 4 530 ресейлік рубль;

         көп мәртелі виза - (туристтік және транзиттік визалардан басқа) - 11 320 ресейлік рубль;

         туристтік бір мәртелі виза - 3 400 ресейлік рубль;

         туристтік көп мәртелі виза - 5 100 ресейлік рубль;

         транзиттік бір мәртелі виза - 1 135 ресейлік рубль;

         транзиттік көп мәртелі виза - 5 100 ресейлік рубль.

Консулдық алым қайтарылмайды.

Құжаттар пошта арқылы ресімделмейді.

Құжаттар тек жеке түрде жүгінген кезде қабылданады және беріледі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады).

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ВИЗАЛЫҚ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (осы жерден танысуға болады).



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News