Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру тәртібі

 

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы келесі қайталама куәліктерді (анықтамаларды) беруді жүзеге асырады:

  1. Туу туралы қайталама куәлік;
  2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік;
  3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік;
  4. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік;
  5. Туу туралы анықтама;
  6. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама;
  7. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
  8. Қайтыс болуы туралы анықтама;
  9. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама.

 

Азаматтарды қабылдау ТЕК АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША жүзеге асырылады (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады, Құжаттама және визалар санаты).

Арыздар Бас консулдықтың округінде тұратын (Кемеров, Новосібір, Омбы және Томск облыстары, Алтай Республикасы және Алтай өлкесі) азаматтардан ғана қабылданады.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш (өтініш нысанын төменде жүктеп алып, толтырыңыз);

Туу туралы қайталама куәлік/ анықтама;

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік/ анықтама;

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік/ анықтама;

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік/ анықтама;

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама.

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы:

 

қайталама куәлікті ресімдеу үшін - 1420 рубль, анықтаманы ресімдеу үшін - 2830 рубль (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша).

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

 

Он алты жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлікті, анықтаманы қайта беруге өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге ата-аналары, қорғаншылары, бала асырап алушылары, қамқоршылары және балалары тәрбиеленіп жатқан балалар мекемелерінің әкімшілігі береді. Он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжатты алмаған балаларға қайталама куәліктерді алуға өтініш ата-анасының біреуінің не қамқоршысының қатысуымен, олар жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін)электрондық құжатты ұсынған кезде беріледі.

 

Келесі жағдайларда өтініш қарастырылмайды:

егер неке бұзылса, неке қию туралы қайталама куәлік беру;

қайтыс болған адамның атына туу туралы қайталама куәлік.

 

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Қызмет көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні.

АХАЖ ақпараттық жүйесінде акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күнге ұзартылады.

Консулдық алым қайтарылмайды.

 

Пошта арқылы құжаттар қабылданбайды!

Бас консулдықпен берілген қайталама куәліктер мен анықтамаларға апостиль қоюға болмайды.

Егер құжатқа «Апостиль» мөртабанын қою қажет болған жағдайда, қайталама куәлік немесе анықтаманы Қазақстаннан талап ету қажет (құжаттарды талап ету тәртібі туралы толығырақ осы жерде)

 

Сұрақтар туындаған жағдайда Бас консулдық қызметкерімен 8 (3812) 32-52-13, +7-968-100-73-03 телефон нөмірлері (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 17:00-дан 18:30-ға дейін) арқылы кеңес алуға болады.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News