Тұрақты тұруға шығу

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА УАҚЫТША ЖҰМЫСТАРМЕН ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ОНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУ ҮШІН ҚАЛУҒА ТІЛЕК БІЛДІРГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЖОЛДАУ ТӘРТІБІ

(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Ресей Федерациясына уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға арналған құжаттарды ресімдеу үшін өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығына өтініш бере алады.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

 

Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кету үшін азаматтар келесі құжаттарды ұсынады:

     1) өтiнiш-сауалнама (осы жерден жүктеу) – 1 дана;

     2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

     3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда арызданушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме (осы жерден жүктеу) 1 данада береді.

         Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда арызданушы Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

         4) отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда - алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі (ата-аналарының, жұбайларының Ресейге тұрақты тұруға кетуге келісімі, түпнұсқасы және көшірмесі);

         5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы (түпнұсқа және көшірмесі);

         6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi (түпнұсқа және көшірмесі);

         Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

         7) Консулдық алым төленгені туралы құжат  (төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 8000 ресейлік рубль. 

 

МАҢЫЗДЫ!

         Ұсынылатын мәліметтерді тексеру үшін келесі құжаттар қоса берілуі қажет:

         1) туу туралы, неке қию (бұзу) туралы куәлік (болған жағдайда), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

         2) жұмыс кітабы, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;

         3) ата-анасының, жұбайының, балаларының паспорттарының көшірмелері - 1 дана;

         4) Ресейде тіркеуді растайтын құжат (уақытша тіркеу, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат), түпнұсқасы және көшірмесі - 1 дана.

 

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Қолдаухатты қарау мерзімі - 3 ай.

Өтініш берушінің әрбір отбасы мүшесі үшін құжаттардың бөлек топтамасы ұсынылады.

Консулдық төлемдер қайтарылмайды.

Құжаттар пошта арқылы қабылданбайды.

 



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News