Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық

2023 жылғы:

2023 жылы мәдени-гуманитарлық саладағы жемісті екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісі жалғасуда.

2023 жылы келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

31 қаңтарда Елшілікте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Е. Көшербаев пен Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының басшыларының кездесуі өтті. Кездесуге «Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу технологиялық университетінің ректоры Алевтина Черникова, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Олег Хостребов, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының (университетінің) бірінші проректоры Геннадий Толстопятенко, «Мәскеу инженерлік физика институты» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің халықаралық стратегия және даму жөніндегі проректоры Дмитрий Савкин қатысты. Кездесуде аталған жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерді оқыту және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру квотасын ұлғайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Алматы қаласында ашылған «МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университетінің және Атырау қаласында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалдардың жұмыс істеуінің түрлі бағыттары да сөз болды.

1-3 ақпанда Елші Е. Көшербаев бастаған ҚР РФ Елшілігінің делегациясы Волгоград облысында болып, Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толуына орай еске алу шараларына қатысты.

2 наурызда Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің татар тіліндегі кітабының жарық көруіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның туғанына 125 жыл толуына орай шығарылған жинаққа "Көксерек", "Қараш-қараш оқиғасы", "Қилы заман" атты үш шығармасы енген.

2 наурызда «Русские сезоны» халықаралық жобасының салтанатты ашылуына орай Ресей Федерациясының Мәдениет министрі О. Любимованың Астанаға жұмыс сапары өтті. Оның сапары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Ораловпен кездесу өтіп, тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

3 наурызда Елшілік делегациясы Ржев қаласын (Тверь облысы) фашистік басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Еске алу рәсімі аясында дипломаттар 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадасының Қазақстан жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.

14 наурызда Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Өтешқали Атамбаевтың (1910-1994) марапаттары табыс етілді. Олардың қатарында Ленин, Октябрь Революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, "Құрмет Белгісі" ордендері және т.б. бар.

6 сәуірде Елші Е. Көшербаев «Санкт-Петербург – Достастықтың мәдени астанасы 2023» жобасының ресми салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін Санкт-Петербургке сапармен барды.

28 мамырда Мемлекеттік тілді дамытуды қолдау аясында ҚР РФ Елшілігінің көмегімен Мәскеу қаласында Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Қазақстан павильонында "Жағдаятты қазақ тілі" қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұсаукесері өтті.

30 мамырда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры А.П.Чехов атындағы XVI халықаралық театр фестивалі аясында Моссовет театрының сахнасында қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы бойынша қойылған осы аттас спектаклін ұсынды.

2022 жылғы:

2022 жылы мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісі сақталынып қалынды. Білім беру, ғылыми зерттеулер мен жобалар, мәдениет, БАҚ, денсаулық сақтау, тарихи мұралар мен құндылықтарды сақтау және басқа да салалар бойынша екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының нығайуын арттыруға мүмкіндік туды.

- 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Ресей астанасындағы жоғары оқу орындарының (Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Ұлттық зерттеу университеті «Экономика жоғары мектебі», Ұлттық зерттеу технологиялық университеті MISIS, Мәскеу авиация институты (Ұлттық зерттеу университеті), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы) қазақстандық студенттерімен және аспиранттарымен кездесу өткізілді.

- 24 ақпан ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Ресей Федерациясындағы филиалдарын және Ресей Федерациясының Жоғары білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасындағы филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қоюдың техникалық бағытын дайындау жұмыстары жүргізілді.

- 11 наурызда Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінде қазақстандық әріптестеріне коронавирустық инфекциямен күресте көмектескен ресейлік дәрігерлерге ҚР мемлекеттік марапаттарын тапсыру рәсімі өтті.

- 23 наурызда «ВДНХ» кешеніндегі «Қазақстан» павильонында ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.

- 24 сәуірде ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің балалар шығармашылық ұжымы «Тюбетейка», «Восточный базар» V Халықаралық мәдениет фестивалінің жабылуы аясында ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты.

- 8 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Волгоград облысында Ұлы Отан соғысы жылдарында соғысқан қазақстандықтарды еске алуға арналған іс-шаралар өтті. ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің, ҚР Астраханьдағы Бас консулдығының, Волгоград қаласының әкімінің және «Мұра» ЖӨӨББ іздеу отрядының жетекшілерінің көмегімен 1942-1943 жылдары Сталинградты қорғаған Қызыл Армия Азамат Қазиев пен 1155 атқыштар полкінің жауынгерлерінің құрметіне Кузьмичи кентінің (Городищенский ауданы) жанындағы биіктікте ескерткіш тақта орнатылды.

- 20 мамырда «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2022» XIII Халықаралық экономикалық саммитін өткізу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың Татарстан Республикасының Президенті                          Р. Миннихановпен кездесуі өтті.

- 28 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «ВДНХ» кешеніндегі Қазақстан павильонында ҚР РФ елшілігінің балалар шығармашылық ұжымының концерті өтті. Концертке белгілі отандастар – скрипкашы Лана мен блогер Аминка Витаминка да қатысты. Сондай-ақ, стендапшы Ксюша іс-шараның қонағы болды.

- 20 маусымда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Е. Көшербаевтың қатысуымен «Нұр-сұлтан – Мәскеу: ғылыми-техникалық анимация саласындағы ынтымақтастық» телекөпірі өтті.

- 23 маусымда ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ғимаратында Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық – Қызыл Армиялықтардың: Т. Үркербаев, П. А. Фоменко, 1918 ж.т. және Н. М. Гуров, 1922 ж. т. қалдықтарын салтанатты түрде табыстау ұйымдастырылды.

- 12 тамызда «ВДНХ» кешеніндегі «Қазақстан» павильоны «Мәдени мұра объектісін қалпына келтіру және заманауи пайдалануға бейімдеу» байқауының «Құрылыс саласындағы үздік іске асырылған жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл байқау Мәскеу қаласының қала құрылысы саясаты департаментімен 2000 жылдан бері өткізіліп келеді және ең беделді кәсіби марапаттардың бірі болып табылады.

- 15 тамызда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ғимаратында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан, Қызыл Армия жауынгері, 1902 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазақстандық Дузбаев Калейдің сүйегі салтанатты түрде тапсырылды.

- 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде қазақстандық студенттер мен Мәскеудегі қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалымы, публицист, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Дөңгелек үстел» отырысы өтті.

- 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде 1916 жылы туылған, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан, Оңтүстік Қазақстан облысы Жувалын ауданының (қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы) тумасы Сапарбай Имахаевтың сүйегін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға дипломаттар мен Елшілік жанындағы Әскери атташе кеңсесінің қызметкерлері, Новгород облысы губернаторының бірінші орынбасары Е.Богданов, ресейлік іздеу қозғалысының өкілдері қатысты.

- 5 және 8 қыркүйекте Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында Астрахань мен Қазан қалаларында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерттері өтті.

- 13 қыркүйекте ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссиясының екінші отырысына қатысу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтың Мәскеу қаласына жұмыс сапары өтті.

Д.Абаевтың Мәскеуге сапары аясында Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары А. Громовпен және Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі М. Швыдкиммен екіжақты кездесулері өтті.

Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында Халықаралық музыка үйінде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік гала-концерт өтті. Бұл шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев пен РФ Мәдениет министрлігінің басшылығы құттықтау сөз сөйледі.

- 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде дипломаттардың, ресейлік әдебиеттанушылардың, қазақ диаспорасы мен Мәскеудегі қазақ студенттерінің, мәдени-гуманитарлық қоғам өкілдерінің қатысуымен көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өтті.

- 27 қыркүйекте Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген «Донское» зиратында жерленген қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың қайтыс болғанына 85 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің дипломаттары гүл шоқтарын қойды.

- 18-22 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің дипломаттары Белгород мемлекеттік университетінде, Белгород мемлекеттік технологиялық университетінде, Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде (Курск), Курск мемлекеттік университетінде және Брянск мемлекеттік аграрлық университетінде болып қайтты.

- 27 қазанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде ресейлік белгілі ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен новосібірлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодойдың «Алихан Букейханов: Человек-эпоха» атты кітабының таныстырылым шарасы өткізілді. «Человек-эпоха» Новосібір ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.Козодой ІІ-дәрежелі «Достық» орденімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл туындыда қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы жазылған.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Е. Көшербаев В. Козодойға ІІ-дәрежелі «Достық» орденін және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Құрметті консулдарын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» толуына орай мерейтойлық медальдарымен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарға Тюмень облысындағы ҚР құрметті консулы (Сургут қ.) Оразхан Қалиев, Тюмень облысындағы ҚР құрметті консулы (Тюмень қ.) Владислав Квасов және Калининград облысындағы ҚР Құрметті консулы Александр Каневский ие болды.

- 28 қазанда "Carlton Moscow" қонақ үйінде Қазақстан Республикасы күніне орай Елшіліктің салтанатты ресми қабылдауы өтті, оған Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Мемлекеттік Думаның және Федерация Кеңесінің, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі, Ресей Федерациясының министрліктері мен ведомстволарының, Ресей Федерациясының бірқатар жоғары оқу орындарының, Ресей Федерациясының аймақтарының басшылық, ресейлік бизнес және шоу-бизнес, қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

- 29 қазанда Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының балет тобы Борис Асафьевтің "Бақшасарай фонтаны" балетін Ростислав Захаровтың хореографиясында ұсынды, оның 2022 жылы 115 жылдығын халықаралық мәдени қоғамдастық атап өтті.

- 9 және 12 қарашада ТМД елдерінің "ГИТИС – мастер-класс" театр фестивалі аясында ГИТИС-тің оқу сахнасында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері мен Қазақ ұлттық өнер университеті «Авторды іздеудегі алты кейіпкер» (Луиджи Пиранделло пьесасы бойынша) және "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" (Ғ.Мүсірепов) спектакльдерін ұсынды.

- 16 қарашада Елшілік делегациясы аты аңызға айналған 316-Панфилов атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің Волоколамск бағытында Мәскеу үшін шайқаста өлмес ерлігінің 81 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Еске алу рәсімі барысында Мәскеу облысы Үкіметінің, Әскери даңқ қалалары одағының, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елшіліктерінің өкілдері Нелидово ауылындағы панфиловшылар-батырлардың жаппай зиратына, Дубосеководағы батыр-панфиловшылар мемориалына, Волоколамскідегі Мәңгілік алау және батыр-панфиловшыларға арналған бюсттерге гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, салтанатты шара аясында Волоколамск қаласындағы ислам рухани-ағарту орталығында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш тақта ашылды.

- 17 қарашада Елші Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Соның ішінде, медициналық білім беру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, радиофармацевтика, ортопедия және трансплантация саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Ресейде Қазақстан Республикасының назарынан тыс қалмайтын тиісті технологиялар мен атқарылған жұмыстар бар.

- 18-19 қарашада ҚР-ның РФ-дағы Елшісі Е. Көшербаевтың Орынбор облысының губернаторы Д. Паслермен уағдаластығын дамыту мақсатында Орынбор қаласына «Отандастар» Республикалық қорының басшысы А.Сапарбекұлы бастаған делегацияның алғашқы жұмыс сапары өтті. Бұл іс-шара Орынборда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVIII аймақаралық ынтымақтастық форумына, сондай-ақ ҚР мен РФ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай қарайластырылды.

Сапар барысында А. Сапарбекұлы қазақ жастарының өкілдерімен және Орынбор ақсақалдарымен жеке кездесулер өткізді, оған ҚР РФ-дағы Елшілігінің және Орынбор облысының өңірлік және ақпараттық саясат министрлігінің өкілдері, Ақтөбе облысы әкімдігінің тілдерді дамыту орталығының мамандары, ұлттық орталықтардың көшбасшылары және т. б. қатысты.

Қазақ диаспорасының бірқатар белсенділері «Отандастар» қорының «Ұлттық достық пен ұлтаралық достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар, қазақ мәдени білім беру ұйымдарының өкілдеріне қолдау ретінде Ақтөбе облысы әкімдігінен 500 Кітап және «Отандастар» қорынан 100 кітап, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Тулары, домбыралар, ұлттық киімдер және т. б. берілді.

Сапардың соңғы күні Орынбор облысының отандастары үшін "Газовик" мәдениет үйінде Алматыдан келген "Сазген Сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің гала-концерті өтті.

- 26 қарашада ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Қызылорда облысының тумасы, Ленинград майданында 136-шы атқыштар дивизиясының құрамында ҰОС-да соғысқан және 1942 жылдың қыркүйегінен бері хабар-ошарсыз кеткен Қызыл Армия жауынгері Дажекбай Құлтасовтың сүйек қалдықтары салтанатты түрде тапсырылды. Іс-шараға Елшіліктің дипломаттары, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің, «Суворов» Коломна іздеу жасағының, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ елордалық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері қатысты.

- 19 желтоқсанда ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшісі Е. Көшербаевтың Мемлекеттік хатшы – Ресей Федерациясы Мәдениет Министрінің орынбасары А. Маниловамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ҚР мен Ресей Федерациясының мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қатынастарының ағымдағы мәселелері, сондай-ақ 2023 жылы екі елдің аумағында өтетін іс-шаралар жоспарлары талқыланды. Оның ішінде, ҚР-да өткізілетін «Орыс маусымы» мәдени жобасы сөз етілді.

- 20 желтоқсанда ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде «Жас тұлпар» студенттік бірлестігінің ең белді мүшелерін елшіліктің мәдени-гуманитарлық қызметіне белсенді қатысқаны үшін ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшісінің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

- 30 желтоқсанда ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі А. Қожошевті (II дәрежелі "Достық" ордені), белгілі хореографиялық өнер педагогын, қазақ хореографиялық училищесінің түлегі және көркемдік жетекшісін (1957-1958 жж. және 1973 ж.) И. Олзоевті мемлекеттік марапаттау рәсімі өтті ("Құрмет" ордені), сондай-ақ Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері, Омбы және Красноярск қалаларының қазақ өңірлік қоғамдық ұйымдарының басшылары Т.Ашенов пен Г. Төлешов те марапатталды ("Шапағат"медальдары).

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында білім және ғылым саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық жолға қойылған. Өзара іс-қимыл 10 халықаралық шарт шеңберінде жүзеге асырылады.

2022-2023 оқу жылында Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің саны шамамен 67 мың адамды құрады. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясының 1000-нан астам азаматы оқуда.

Бүгінде Қазақстанның 60 жоғары оқу орны Ресей Федерациясының 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтасады. Қазақстандық университеттері ресейлік жоғары оқу орындарымен 1882 шарт және 34 білім беру және ғылыми бағдарламалары бойынша жұмыс жасауда. Олардың ішінде 32 қолданыстағы қос дипломды және 41 бірлескен білім беру жобалары бар.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ҚР-да 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын, оның ішінде техникалық бағыттағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу жөніндегі алға қойған міндеті шеңберінде, 2022 жылы Алматы және Атырау қалаларында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің және
И.М.Губкин атындағы «Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіңің» филиалдары ашылды.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News