Бас консулдық ғимараттың тарихы

Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулдық

ғимаратының тарихи анықтамасы

     1910 жылы Атаманская көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша (қазіргі кезде - Ленин көшесі, 39) тас жекежай салынды, ол модернистік стильдегі тұрғын үйдің тұжырымдамасын толық бейнелейді. Тарихшылар мен өнертанушылардың үй иесі туралы ортақ пікірі жоқ, кейбір өнер сыншылары «Цукерник сарайы» туралы жазады. Бұл ақпарат «Омбы телеграфы» газетінде «Омбы азаматтары жобасының» маманы Ж.М.Хахаева ашқан, Атаманская көшесі, Цукерник үйі, 9 мекен-жайы бойынша репетиторлық жұмыс туралы 1916 жылғы хабарландырумен расталған. Кейбір өнер тарихшылары бұл үй бастапқыда католик, шыққан тегі бойынша поляк кеңесшісі А.С.Гриневицкийге тиесілі болған деп санайды, ал 1915 жылы үйді оның ұлы Константин иеленді, ол Ресей банктің сыртқы сауда жөніндегі Омбы филиалының менеджері болған. М.А.Врубель атындағы Омбы облыстық бейнелеу өнері мұражайының аға ғылыми қызметкері С.В.Черноктың айтуынша, 1913-1915 жылдары салынған үй иелерін бірнеше рет ауыстырды. Шартты түрде оны Гриневицкий жекежайы деп атайды.

Жекежай - бұл модерн стиліндегі кірпішпен шебер орындалған симфония. Қасбеттердің кірпішпен қапталуы әр түрлі терезелер мен карниздердің сұлбаларын қайталайды, сонымен қатар қабырға бетінің сипатын өздігінен қиындатады. Оның пластигінде жұмсақтық пен кернеу басым, ал кірпіш материалы жылу мен қаттылықты қамтиды. Терезелердің ерекше формалары назар аударарлық - дөңгелек, эллипс, таға тәрізді, құлыптың оймасы түрінде. Стильдің соңғы аккорды - өсімдік оюлары бар шатыр мен күнқағардың соғылған торлары және «1914» датасы.

Екі қабатты жекежай 1910 жылдардың бірінші жартысында Плотниковская (қазіргі Ш.Уәлиханов көшесі) және Атаманская (қазіргі Ленин көшесі) көшелерінің бұрышында салынған. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін жекежай сәулетшінің есімі әлі анықталған жоқ.

1919 жылы жекежай ұлттандырылып, оның иесі елден кетті. Біраз уақытқа дейін үйде А.В.Колчак үкіметінің қаржы министрі тұрған. Содан кейін ғимарат Сибкрайсоюз мекемесіне, ал 1929 жылы - Омпотребсоюзға берілді.

1978 жылы үй РСФСР сәулетшілер одағының Омбы ұйымына сыйға тартылды.

2005 жылдың мамырынан бастап ғимаратта Қазақстан Республикасының Омбыдағы Консулдығы орналасқан.

 

Шоқан Уәлихановтың ескерткіші

Бас консулдық ғимаратының жанында Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орналасқан (ол 2004 жылы 30 қаңтарда Омбыда орнатылған), мүсінші Азамат Баярлин. Фигура қоладан жасалған және мәрмәр тұғырға қойылған. Қызыл мәрмәрдан жасалған тұғырда «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Омбы қаласына сыйлығы. 2004 жыл» жазылған. Ескерткіш ескі орталықтың аурасына үйлесімді түрде енгізілген. Ш.Уәлихановтың беті оңтүстікке, Қазақстанға бағытталған.

Шоқан Уәлиханов - қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы, саяхатшы және ағартушы, Ресей армиясы Бас штабының офицері, барлау қызметкері. Уәлиханов Омбы кадет корпусында оқып, оны бітіргеннен кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанты болды. Семейде қызмет еткен кезінде Ф.М. Достоевский болашақ атақты қазақ саяхатшысы және этнографы Шоқан Уәлихановпен достасқан. Шоқан (туған аты - Мұхаммед-Қанафия) - шыңғысид, Абылай ханның шөбересі.

2014 жылы қаланың Шоқан Уәлиханов атындағы басты жаяу көшесі қайта жаңартылды, көше субұрқақтармен абаттандырылды, ғимараттардың қасбеттері жаңартылды, жер асты жаяу жүргіншілер өткелі, шағын сәулеттік формалар салынды, Ш.Уәлиханов көшесін Омбы Арбатына айналдырып, дүкендер мен кеңселер ашылды.

 

Амангелді Шәкеновтің ескерткіші 

2019 жылдың 6 қарашасында Омбыда қазақ текті суретші Амангелді Шәкеновке Ленин көшесіндегі Басконсулдықтың жанында ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкілетті Елшісі И.Тасмағамбетов пен Омбы облысы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары В.Бойконың құттықтау сөздерімен ашылды.

Ескерткіш қоладан және граниттен бұрын Омбыда тұрған Санкт-Петербурглік жас мүсінші Мейрам Баймұхановпен жасалынды.

Мүсінде Амангелді Шәкеновтің артқы жағына қаратып орындықта ойланып отырған күйі бейнеленген. Артында - мольберт. Тұғырда «Амангелді Шәкеновке - суретші және мұғалімге» деген жазу бар.

Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және Қазақстан өнер академиясының академигі Амангелді Шәкенов 2018 жылы 1 мамырда 74 жасында қайтыс болды. Ол өзінің ұзақ шығармашылық өмірінде көптеген пейзаждар, замандастарының портреттерін, тарихи мотивтер бойынша полотналар жасап, лайықты оқушыларды тәрбиеледі. Оның картиналары бүкіл әлемге тарады: Қазақстан мен Ресейден Германияға, Финляндия мен АҚШ-қа дейін. Оның көптеген туындылары Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында, Президенттік мәдениет орталығы мен Астана қаласындағы ҚР Өнер академиясының қорында, сондай-ақ жеке коллекцияларда бар.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News