Ырысқали Рақымұлы
ДӘУРЕНБЕК
1963 жылы 18 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы совхозда дүниеге келген.
Үйленген, төрт баласы бар.
Білімі: АКТУ (1981), Алматы педагогикалық шет тілдер институты (1993); ҚР СІМ жанындағы Дипломатиялық академияда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері мен ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттыру курстары (2001); Филипс Университеті Марбург қал./ГФР (1991) мен Потсдам университетінде Потсдам қал./ГФР (2005) тағылымдамадан өтті. Неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген.
1986 жылдың желтоқсан айында қуғын-сүргінге ұшырады. 1987 бастап 1989 жылға дейін халық шаруашылығының құрылысында жұмыс істеді. 2001 жылдың наурызында ақталды.
1993 жылдың тамыз айынан бастап дипломатиялық қызметте.
ҚР СІМ Бас консулдық басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1993-1996); Швейцариядағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы (1996-2000); ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің бөлім бастығы (2000-2003); ҚР СІМ Аппараты жетекшісінің орынбасары (2003-2004); ҚР СІМ КҚД директорының орынбасары (2004-2007); ҚР Мюнхен қаласындағы консулы (2007); ҚР ГФР-дағы Елшілігінің кеңесшісі (2007-2011); ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры (2011-2013); ҚР ГФР-дағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі, ҚР ГФР-дағы елшілігі Бонн бөлімшесінің басшысы (2013-2018); ҚР СІМ КҚД талдау және мониторинг басқармасының басшысы (2019-2020); 2020 жылдың қазан айынанан бастап Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы/РФ Консулдықтың басшысы.
I-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен (2005), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2006), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2012), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2017), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен (2020), «Шапағат» медалімен (2020) және «Ресей Федерациясы СІМ-нің консулдық қызметіне 200 жыл» мерекелік төсбелгісімен (2012) марапатталған.