Омбының балалар өнер мектебінде Наурыз мейрамын атап өтті

2021 жылғы 7 сәуірде Наурыз мейрамын атап өту шеңберінде "№20 Балалар өнер мектебі" ҚББ ББМ мәжіліс залында "Қазақ ұлттық-мәдени орталығы" Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының қолдауымен  "Туған жердің салт-дәстүрлері" атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек, Омбы облыстық Заң шығарушылық жиналыстың депутаты Владимир Седельников, Омбы облысы өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің, Омбы қаласы әкімшілігінің және қазақ қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Консулдығының басшысы сөйлеген сөзінде шара қатысушыларын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтап, мектеп ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Аталған іс-шара шеңберінде өнер мектебінің тәрбиеленушілері ұлттық би және аспаптық нөмірлер ұсынды және тұсаукесер рәсімі өткізілді. Ғимараттың холында шағын көрме ұйымдастырылып, қазақ халқының тұрмыстық заттары мен ұлттық киімдер қойылды.

Концерттік бағдарлама соңында аталған мектебтің тәрбиеленушісі Диляра Мусаеваның "Би" атты витраждық суреті Қазақстанның Консулдығына естелік сыйлық ретінде табыс етілді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News