Омбыда Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығын атап өтті

27 қарашада Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы әлемдік ғылымның атақты өкілдерінің қатарында лайықты орны бар ұлы қазақ зерттеуші, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына арналған еске алу акциясын ұйымдастырды.

Ұлы ғалымның есімі берілген көшедегі Қазақстан Республикасының Консулдығы ғимаратының жанында орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек, Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары, өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрі Михаил Каракоз, РФ Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы өкілдігінің басшысы Евгений Косинцев және Омбы кадет әскери корпусының бастығы, полковник Вячеслав Саликов қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысушылар Шоқан Уәлихановтың Қазақстан мен Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосқанын, екі ел арасындағы достықтың символы екенін, оның есімі әлемдік ғылымның көрнекті тұлғалары арасында лайықты орын алатындығын атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Консулдығының басшысы Омбы облысының Үкіметіне Ұлы ғалымның атын есте сақтағаны және осы іс-шараны өткізуге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News