Омбыда «Мөлдір» халық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті

2021 жылғы 14 ақпанда Омбыдағы Достық үйінде «Мөлдір» қазақ мәдениетінің сібір орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Мөлдір» халық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.

Концерт алдында арнайы көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар қазақ халқының қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдері және қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен таныса алды. Іс-шара барысында көрермендерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін көрсететін музыкалық миниатюралар ұсынылды, халық және елге танымал әндер мен күйлер орындалды, қазақ домбыра оркестрі мен би ансамблдерінің қойылымдары көрсетілді.

Өз сөзінде Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, осындай керемет мәдени шараны ұйымдастырған "Мөлдір" қазақ мәдениетінің сібір орталығы" қоғамдық ұйымының кеңес төрайымы Алтынай Жунусова мен халық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, Омбы облысының үкіметіне аймақтағы қазақ ұйымдарының жұмысына көңіл бөліп,  қолдау көрсетіп жүргендері үшін ризашылығын білдірді.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News