Омбы облысының Азово кентінде Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жауынгер қайта жерленді

2021 жылғы 16 мамырда Омбы облысының Азово кентінде Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан кеңес жауынгері Баймұхамбет Байтемірұлының сүйегі жер қойнына қайта тапсырылды.

Б.Байтемірұлы 1897 жылы Азов ауданының Крупская ауылында дүниеге келген және соғыс жылдары Новгород түбіндегі кескілескен қанды шайқаста қаза тапқан. Хабарсыз кеткен сарбаздың туған жеріне қайта жерлеу рәсіміне аудан орталығының алаңында митинг өтті және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Дмитрий Перминов және Азов неміс ұлттық ауданының басшылығы, марқұмның туыстары, ардагерлер, іздестіру топтарының өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.



Онлайн бронирование

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасы СIM ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты



Фонд Отандастар

Галам.тв
История Казахстана
Официальный сайт Президента РК
Финансы Казахстана
Евразийский деловой совет
Торговое представительство РК в РФ
Kaznex Invest
Туристический портал
Портал для казахстанских экспортеров
Казахстанская правда
Егемен
Хабар
Казахстан
24.kz
Казах-ТВ
Служба центральных коммуникаций
Edge
Astana Times
Kazinform
Tengri News